Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
декабрь
2023

"Тәлімгерлер тәлімі"

Жас мамандардың кәсіби дамуына ықпал ету және әдістемелік көмек көрсету мақсатында  2023 жылдың 19-25 күндкр аралығында желтоқсан айында "Тәлімгерлер тәлімі" атты тәлімгерлер апталығы өтті. Апталық аясында тәлім алушыларға арналған "Мақсат. Тапсырма. Әдіс" тақырыбында  коучинг , "Әдіс-тәсілдер жәрмеңкесі" өткізілді. Сонымен қатар, "WELCOME" іс-шарасында тәлім алушылар апта бойы тәлімгерлердің  сабақтарына қатысып, ашық есік ұйымдастырылды.  Ынтымақтастық пен ұйымшылдықты арттыру, бірін-бірі жақсы тану мақсатында  "Cinema time" тәлім алушылар мен тәлімгерлер  киноға барды. "FACE TO FACE"  тәлім алушылар тәлімгерлеріне еркін түрде сұрақтар қойып, түрлі ситуациялық жағдаяттардан шығу жолдарын қарастырды.