23
декабрь
2023
"Жас Қыран: Саптық және ән байқауы"
ҚР Тәуелсіздік күніне орай 08.12.2023 күні мектебіміздің АӘТД пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен кадет сыныбы оқушылары арасында "Жас Қыран: Саптық және ән байқауы" өткізілді. Байқауға қаламыздағы мектептерден АӘТД пәнінің оқытушылары арнайы келіп, төрелік етті. Нәтижесінде "Бүркіт" тобы жеңімпаз атанды!
Байқаудың мақсаты: Топтағы сап құрамында ұйымдасқан түрде бірлесе іс-әрекет ету қимылдарын жетілдіру; Сап қозғалысын басқару, саптық жарғылардың талаптарынан түсінік қалыптастыру; Салауатты өмір салтын дәріптеу; Оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін, Отансүйгіштік қасиеттерін дамыту; Жауынгерлік дәстүрлерді дәріптеу, аға ұрпақ ерліктерін құрметтеу.



