Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
сентябрь
2023

«Террористік акт кезіндегі іс-әрекет»

2023-2024 оқу жылы Діни экстремизм алдын алу,   антитеррорлық  іс – қимылды пысықтау, және  төтенше  жағдайға   қарсы,  өрт қауіпі мен  радиациялық   уланудың алдын  алу мақсатында 28.09.2023 күні мектебімізде ұжымға және 8-11 сынып оқушыларына «Террористік  акт кезіндегі  іс-әрекет» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Террорлық  іс – әрекетті алдын  алу  және   болдырмау  шаралар, осы сұрақ бойынша  келесі сөзді мектеп директоры С.Б.Жанаберлиева, ДТІЖ орынбасары   Қ.Ж.Қуанышбаев және  АӘТД  мұғалімі   Б.Қ.Байжұманов, кадет жетекшісі, АӘТД мұғалімі Ж.Жақабай алып,  қоғамда   болып жат террорлық   іс-әрекеттерден  сақтану, білім ордаларына қарумен шабуылдау және оның   алдын  алу,  күресу, қауіпсіздікті күшейту  жайлы  айтып  өтті. Оқу   ғимараттын террорлық  іс - әрекеттен сақтау үшін қауіпсіздікті   қамтамассыз  ету жолдарын  қарастырды. Сонымен  қатар   Ол, телефон,  хат  арқылы   террорлық  қауіп  хабарламасы түскен кезде, қызметкерлердің террористерге кепілдікке алынған кезде не істеу керектігі  бойынша  тоқталып   өтті.  Мектеп  ғимаратындағы   адамдардың  қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық шаралары қарастырылған. Әр қабатқа, мектеп ауласында (далада) бейнекамералар  орнатылған.  Кіреберістегі қызметкерлер бөгде жандарды ғимаратқа кіргізбейді. Ата- аналар жиналысында оқушының сабаққа келіп, қайтуына жауапкершілік ата-аналарға жүктелгендігі ескертілді. Сынып жетекшілері оқушыларға террорлық акт кезіндегі   іс-әрекет  ережелерін, тәрбие сағаттары өткізілді.  Сондай-ақ  адамдарды   сыртқа шығару  және  төтенше   немесе  өрт  бола қалған жағдайдағы дайындық оқу жаттығудың  іс-қимылдары пысықталды. Атаулы  шараға  мектепте қызмет атқарып жатқан және сабақ  үстіндегі  мұғалімдер   және  бірінші-екінші  ауысымдағы оқушылар,  персоналды   қызметкерлер  қатысты.