21
апрель
2023
«Жазғы каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру»
20.04.2023 күні мектебімізде мектепішілік ата – аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында
✅«Жазғы каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру»
✅«Мектепте ақша жинауға тыйым салу бойынша»
✅«Балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі»
✅«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» - тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, директордың тәрбие жұмыстар жөніндегі орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев, жиналыстың күн тәртібімен таныстырып, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, яғни «Жазғы каникул кезіндегі балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру» туралы ақпараттандыру-түсіндірме жүргізді. Жазғы лагерьлердің балалар үшін маңыздылығы мен пайдасы туралы айтып өтті. Мектеп бойынша әлеуметтік картада көрсетілген түрлі санаттағы оқушыларға, соның ішінде 5-9 сынып оқушыларына қала сыртындағы лагерьге тегін демалуға мүмкіндік алатыны айтылды. Ал бастауыш сыныптарға да «Жазғы алаң» тегін ұйымдастырылатыны айтылды. Ата-аналардан тиісті құжаттарды уақытымен өткізіп отыруды сұралды. Сонымен қатар, жазғы лагерьдің жоспарланған сапасы, психологиялық тұрғыдан бала үшін құрдастарымен достық қарым-қатынас пайдасы, қарым-қатынас орнатуда дағдыларды игерудің маңыздылығы туралы айтып өтті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.М.Әмірова сөз алып, 2022 -2023 оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықпен таныстырды. Ата-аналарға ешқандай ақша жинауға болмайтыны туралы ескертілді. "Мектепте түрлі мақсаттарға ақша жинауға тыйым салу бойынша нақты қағидалар бекітіліп, бұйрық шығарылған. Ол туралы барлық жиналыстарда айтылып жүр. Біз мектепте ақша жинауға тыйым салуға қатысты саясатты қатаң ұстанамыз. Егер ата-аналардан, оқушылардан ақша жинау туралы шағым түссе қатаң шара қолданамыз" - деп, қатаң ескертіп өтті. Сондай-ақ мектеп бойынша маусым айында «Жазғы мектеп-2023» ұйымдастырылады. 4,5,6,7,8 сынып оқушыларына оқу жылындағы олқылықтарды жою мақсатында қосымша сабақтардан білімдерін жетілдіруге болатындығын айтып кетті.
Осы мәселе бойынша директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Б.С.Қауметова сөз алып, мектепте талантты және дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстардың жетістіктері жайлы ақпарат берді. Қазіргі таңда республикалық, облыстық және қалалық олимпиада мен ғылыми жоба байқаулары 3-4 сыныптар, 5-7 сыныптар және 8-11 сыныптар аралығында жүргізіліп отырады. Осы орайда ата-аналардан келесі оқу жылында балаларын осы білім сайыстарына және түрлі байқауларға қатыстыруын сұрады. Сондай-ақ жазғы каникул кезінде қаламыздағы орналасқан қосымша дайындық орталықтарына балаларын қатыстыруын сұрады.
Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие жұмыстар жөніндегі орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев: «Балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі» тақырыбында жасөспірімдер арасында оқыс оқиға мен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жазғы каникул кезінде шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары мен жаз мезгіліндегі өрт қауіпсіздігі туралы, кішкене балаларды қараусыз қалуының алдын алу туралы, жасөспірімдер арасында қылмыстық әрекеттердің алдын алу бойынша нақты кеңестер берілді.
Үшінші мәселе бойынша мектеп психологы Д.Көкежанова сөз алып «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында кеңес берді. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Бала құқығы туралы айтатын болсақ, 1989 жылы «Бала құқығы» туралы конвенция қабылданды. Ал, 2004 жылы «Бала құқығы» туралы заң қабылданды. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Осы орайда бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны бөлек екенін ұмытпаған жөн. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей бала ата-анасынан қандай тәрбие алса болашағы да, өмірі де солай болады. Баланың тәрбиесіне бей-жай қарауға болмайды. Отбасындағы келеңсіз жағдайлар, айналасындағы теріс құбылыстар баланың өміріне кері әсерін тигізеді. Сондықтан бала тәрбиесінде ата-ананың ақыл-кеңесімен қоса, мектептегі ұстаздардың, қоғамның да тәрбиесі ауадай қажет.