Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жат діни ағымдар қауіпі» және «Қыздар арасындағы құқық бұзушылық»
27
январь
2023

«Жат діни ағымдар қауіпі» және «Қыздар арасындағы құқық бұзушылық»

2023 жылдың 27 қаңтар күні мектеп инспекторлары мен "Құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің" ұйымдастыруымен мектеп ата-аналарымен «Жат діни ағымдар қауіпі» және «Қыздар арасындағы құқық бұзушылық» тақырыптарында жиналыс өткізілді. Шара барсында күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша қазіргі кездегі кереғар діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік берілсе, 2 мәселе бойынша қоғамда үлкен резонанс тудырған, қаламызда орын алған «қыздар төбелесі» жайында сөз өрбіді. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала келін болғанда да сол әдетін сақтайды. Осыны ұмытпайық ағайын!