27
апрель
2023
«Ұлттар достығы - таусылмас қазына» атты мерекелік фестиваль
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында мектебімізде Мектеп Парламенті белсенділерінің ұйымдастыруымен «Ұлттар достығы - таусылмас қазына» атты мерекелік фестиваль өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ұлттар достығы туралы түсінік беру. Оқушылардың көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны туралы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу.








