13
март
2020
"Ұлттар достығы таусылмас қазына"
2020 жылдың 12 наурыз күні мектебімізде эстетика пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен "Ұлттар достығы таусылмас қазына" атты ұлттар достығына арналған салт-дәстүр, әдет-ғұрып байқауы өткізілді. Бақау 3 кезеңнен тұрды: 1. Елін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын таныстыру. 2.Ұлттық би және 3.Ұлттық тағам. Әр сынып өздері таңдап алған ұлт өкілдері бойынша сынға түскен олар өз ұлтының мәдениетімен таныстырып қана қоймай, ұлттық билерімен тамсандырды. Сондай-ақ, сол елдің салт-дәстүрлерін көрсетіп, ұлттық тағамдарын әзірлеп, олардың дайындау тәсілдерімен бөлісті. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені 8ә сынып оқушылары жеңіп алса, І орынға 9ә сынып оқушылары, ІІ орынға 9а сынып оқушылары және ІІІ орынға 8а сынып оқушылары мен 9б сынып оқушылары ие болды. Құттықтаймыз!