Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық "Айбын-2022" әскери-патриоттық ойындарда ІІ орын!
25
июнь
2022

Республикалық "Айбын-2022" әскери-патриоттық ойындарда ІІ орын!

«Балалар жылы» аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20-25 маусым күндері аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығы полигонында ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай «Айбын-2022» VIII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Аталған жиында Қазақстан Республикасынан «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәрбиеленушілерінен құралған 44 команда күш сынасты.
Жиынның қорытындысы бойынша Жетісу облысының намысын қорғаған Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің «Жас байланысшылар» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері жүлделі ІІ орынға ие болса, К.Ушинский атындағы №7 орта мектебінің «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубы Бас жүлдені жеңіп алды. Жоғарыда аталған әскери-патриоттық клубтардың белсенді мүшелері, қаламыздағы №7, №11 және №18 орта мектептерінің оқушыларына алғысымызды білдіре отыра, еліміздің абыройын асқақтатарына тілектеспіз! Жеңіс құтты болсын!