15
апрель
2023
“Жаратылыстану - құпияға толы ғылым” атты білімділер сайысы өткізілді
"Жаратылыс сыры - ғылымда" апталығы аясында 13 сәуір күні 8 сыныптар арасында хим-биология пәндерінен “Жаратылыстану - құпияға толы ғылым” атты білімділер сайысы өткізілді. Нәтижесінде Бас жүлдеге 8а сыныбы, І орынға 8б сыныбы, ІІ орынға 8в және ІІІ орынға 8ә сыныбы ие болды. Құттықтаймыз! Шараны ұйымдастырғандар география пәнінің мұғалімдері: А.Қалипанова, Б.Абдрахманова және А.Әбимолдаева. Мақсаты: Оқушыларды биология және химия пәндері бойынша білімдерін жан - жақты дамыта отырып, теориялық - логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Оқушыларды ойларын еркін жеткізе білуге үйрету және ой - өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту. Видеосы осы сілтемеде: https://www.instagram.com/p/CrDkAuMgU4N/?hl=ru




