Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
февраль
2023

"Ауған қақтығысында от кешкендер"

23.02.2023 күні мектебімізде АӘТД пәнінің мұғалімдері Б.Мустафинов пен Б.Қ.Байжұманов және "Жас Сарбаз" белсенділерінің ұйымдастыруымен "Ауған қақтығысында от кешкендер" атты Тәжік-Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу кешімізге Талдықорған қаласының Тәжік-Ауған соғысының ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы майор Джаманбаев Ержан Советұлы:, Тәжік -Ауған соғысының ардагері запастағы гвардия подполковнигі Иманбаев Бодаубек Тукенұлы және Тәжік-Ауған соғысының ардагері старшина, "Әкелер мектебі" кеңесінің мүшесі Сабыржанов Бауыржан Ахметұлы қатысты. Шара барысында оқушыларымыз патриоттық әндер шырқап, қатысушылардың ықыласына бөленді. Батыр ағаларымыз өскелен ұрпаққа өз ақыл-кеңестерін беріп, мектеп ұжымы мен оқушыларға алғыстарын білдірді. Мақсаты: Оқушыларға Тәжік-Ауған шекарасындағы соғыс жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.
БІЛІП ЖҮРЕЙІК: Кеңес Одағы ыдырап, ондағы мемлекеттер тәуелсіздік алған жылдары Тәжікстанда азамат соғысы болып, билікке моджахедттер тарапынан террористік жолмен талас тудырды. Ауғанстан моджахедтері (талибтер) кондрабандалық жолмен есірткіні, қару-жарақты ТМД мемлекеттеріне таратуды мақсат тұтты. Бұл кезде ТМД-ның Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей мемлекеттерінің әскерлері Тәжікстан шекарасын қорғауға көмекке жіберілді. Қос таудың ортасында орналасқан шекарада қақтығыстар жиі орын алып тұрды. Тәжік-ауған шекарасындағы ең үлкен ұрыс, ең көп адам шығыны болған қырғын 1995 жылы 7 сәурде Пшихавр шатқалында орын алған еді. Бес сағатқа созылған қақтығыста 33 сарбаз жарақат алып, 17-сі қаза тапты. Осы қақтығыста сарбаздарымыз КӨК ТУЫМЫЗДЫ жерге жықпай, әскери борышын абыроймен атқарды.