Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
январь
2019

"Ауғанстан жүректегі жара"

Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шығарылғанына 30 жыл толуына орай мектебімізде АӘД пәнінің мұғалімдері Б.Мустафинов пен Қ.Қамзаның ұйымдастыруымен "Ауғанстан жүректегі жара" атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Кездесу кешімізге Боранбаев Асқар Нүкенұлы, Рахметжанов Әскенжан Мырзағалиұлы және Ильясов Шормақ Ілиясұлы қатысты. Шара барысында өнерлі оқушыларымыз патриоттық әндер шырқап, сахналық көрініс қойды. Батыр ағаларымыз соғыс кезіндегі бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, оқушыларға өз ақыл-кеңестерін беріп, мектеп ұжымы мен өнерпаз оқушыларға алғыстарын білдірді.

Aǵymdaǵy jyldyń 25 qańtar kúnі "Rýhanı jańǵyrý" baǵdarlamasy aıasynda, Keńes áskerlerіnіń Aýǵanstan jerіnen tolyqtaı shyǵarylǵanyna 30 jyl tolýyna oraı mektebіmіzde AÁD pánіnіń muǵalіmderі B.Mýstafınov pen Q.Qamzanyń uıymdastyrýymen "Aýǵanstan júrektegі jara" atty aýǵan soǵysy ardagerlerіmen kezdesý ótkіzіldі. Maqsaty: Oqýshylarǵa Aýǵan soǵysy jaıly tolyq málіmet berý, ardager aǵalarmen ashyq áńgіmelesý, suhbattasý; Óz Otanyna sheksіz berіlgen, patrıottyq rýhy joǵary, qaısar jaýynger aǵalardyń erlіgіn úlgі etý. Kezdesý keshіmіzge Boranbaev Asqar Núkenuly, Rahmetjanov Áskenjan Myrzaǵalıuly jáne Ilıasov Shormaq Ilııasuly qatysty. Shara barysynda ónerlі oqýshylarymyz patrıottyq ánder shyrqap, sahnalyq kórіnіs qoıdy. Batyr aǵalarymyz soǵys kezіndegі bastan keshken oqıǵalarymen bólіsіp, oqýshylarǵa óz aqyl-keńesterіn berіp, mektep ujymy men ónerpaz oqýshylarǵa alǵystaryn bіldіrdі.
"Ауғанстан жүректегі жара"
"Ауғанстан жүректегі жара"
"Ауғанстан жүректегі жара"
"Ауғанстан жүректегі жара"
"Ауғанстан жүректегі жара"
"Ауғанстан жүректегі жара"
"Ауғанстан жүректегі жара"
"Ауғанстан жүректегі жара"
"Ауғанстан жүректегі жара"