Жас өрт сөндірушілеріміз ІІ орынға ие болды!
Үстіміздегі жылдың 26 сәуірінде Талдықорған агро-техникалық колледжі стадионыңда Алматы облысы Төтенше жағдайлар Департаменті мен Өрттен құтқару спорты федерациясының ұйымдастыруымен қала мектептерінің жас өрт сөндірушілер жасақтары арасында өрттен құтқару спортынан жарыс өткізілді. Нәтижесінде І орынға №14 мектеп, ІІ орынға №18 және ІІІ орынға №16 мектеп командалары ие болды. Сондай-ақ 15-тен астам қатысушы номинация иегері атанды. Барлық жүлдегерлер бағалы сыйлық пен кубоктармен марапатталды.