Нұғыманова Ақмарал Нұрланбекқызы » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
02
февраль
2022

Нұғыманова Ақмарал Нұрланбекқызы

Халқымызда «Жеріне қарай-құланы, тауына қарай – қыраны, ұлысына қарай-ұланы» деген аталы сөз бар. Мектебімізде 20 жыл педагог-психолог қызметін атқарған Ақмарал Нұрланбекқызы Жер Жаннаты Жетісудың ең бір шұрайлы өлкесі Көксу ауданына қарасты қазіргі Қабан жырау ауылында 1962 жылы Наурыз айының 29-жұлдызында мұғалімдер отбасында дүниеге келді. Әкесі Олжабаев Нұрланбек ағамыз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болса, Хаджиева Кульзина анамыз бастауыш сынып мұғалімі болатын. Ақмарал әпкеміз жеті балалы берекелі отбасының үлкені.
Кіші Отанның тарихын зерделеу әр қазақтың кісілік қарызы екенін кейіпкеріміз бала кезден санасына тұйіп өсті. Ол өзінің Қаблиса жыраумен аталас туыс екенін орынды мақтан етеді. Ақбастауларын көрші Қытай елінен алатын Көксудың бұйра толқындары, Шаған тауының мұнарлы шыңдары жас қыздың арманына қанат бітірді:
«Шаған таудың жаңбыры мен нөсері,
Бала күнгі жан досы оның кешегі.
Тау өзені басын таудан бастайды.
Тау баласы тауға қарап өседі.» - дегендей, арманшыл бойжеткен 1979 жылы Талдықорған педагогика институтының педагогика-психология факультетіне оқуға түседі. Аталған оқу орнын 1985 жылы бітіріп шығады. Сол жылы Көксу ауданының тумасы Керімбеков Бақберген ағамызбен отбасын құрады. Берекелі жанұя 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді. «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» дейді емес пе?! Сол балалардың тұңғышы Болат Бақбергенұлы Керімбеков 2022 жылдың 25 қаңтар күні Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Болат Бақбергенұлы «Жетісудағы жеті сөз» жобасының «Кімдерді үлгі тұтасыз?» деген сұрағына: Әрине, бірінші кезекте Ата-анамды үлгі тұтамын деп жауап берді. Ақ сүтін беріп әлдилеген ана үшін бұдан артық бақыт бар ма сірә?!
Керімбековтар отбасындағы екінші ұл Мұрат бүгін де Нұрсұлтан қаласында тұрып жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет етеді. Қызы Әсел де әкесінің жолын қуып мемлекеттік қызметте жүр.
Ақмарал әпкеміздің үш баласынан өрбіген немерелері ақ әжелерінің көз қуанышы. Немерелердің төлбасы Құралай Болатқызы алғаш сауатын әжесі еңбек етіп жүрген Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде ашты. Бүгін де дарынды балаларға арналған №24 лицейде оқиды, оқу озаты. Екінші немересі Ерасыл Болатұлы мектебіміздің 5 сыныбында оқиды.
Осы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде табан аудармай 20 жыл қызмет еткен, мектептің, қаланың, облыстың білім саласына өзіндік қолтаңбасын қалдырып, дамуына үлес қосқан мектеп психологі Нұғыманова Ақмарал Нұрланбекқызы туралы талай ізгі ниеттер, игі тілектер айтуға болады. Оның еткен еңбегі мен төккен тері әр жылдары ерекше еленіп, облыс, қала әкімінің, білім басқармасының, қалалық білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталып отырды. Еңбектің зейнетін көру деген осы да!