Мероприятие » Страница 61 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Футзалдан және волейболдан жарыс өткізілді.
07
декабрь
2023
Футзалдан және волейболдан жарыс өткізілді.
""Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасы аясында 06.12.2023 күні 8-9 сыныптар арасында ФУТЗАЛДАН жарыс өткізілді. Нәтижесінде І орынға 9а сыныбы, ІІ орынға 8б сыныбы және ІІІ орынға 9ә сыныбы ие болды.  Ал 04.12.2023 күні 9-11 сынып ұлдары арасында ВОЛЕЙБОЛДАН жарыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде І орынға 10ә сыныбы, ІІ орынға 9а сыныбы және ІІІ орынға 9ә сыныбы ие болды. https://www.instagram.com/p/C0b7G0WoThu/?hl=ru&img_index=1
"Креативті ойлау" тақырыбында тренинг
06
декабрь
2023
"Креативті ойлау" тақырыбында тренинг
"Әдеп-құқық" менторлық жобасы аясында мектебіміздің менторы Бахтияр Қуанышбаев 8ғ сыныбы оқушыларымен "Креативті ойлау" тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: жеке шығармашылық әлеуетті, креативті ойлауды дамыту және кәсіби міндеттерді шешуге стандартты емес, шығармашылық көзқарас қалыптастыру. ​https://www.instagram.com/p/C0eX93tpKfp/?hl=ru​​​  
"Ата-ананың мектеп асханасындағы 5 күні"
05
декабрь
2023
"Ата-ананың мектеп асханасындағы 5 күні"
Осы аптада білім алушылардың тамақтануы бойынша "Ата-ананың мектеп асханасындағы 5 күні" ұранымен ата-аналарға ашық есік күні ұйымдастырылып жатыр. Ата-аналар білім алушылардың тамақтануын, ас мәзірі бойынша жасалған тағамдардың талапқа сай келуін қадағалау үстінде. Шараның негізгі мақсаты: Тамақтың сапасы бойынша ата-аналардың пікірлерін білу. Келем десеңіздер есігіміз ашық!
"Құқықтық тәртіп"
05
декабрь
2023
"Құқықтық тәртіп"
"Құқықтық тәртіп" республикалық акциясы аясында 5 сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мектеп инспекторы Дана Тұрсынова түсіндірме жүмыстарын жүргізді. Кәмелетке толмағандарға оқу орындарындағы мінез-құлық ережелері, кәмелетке толмағандар арасында қорқытып алу мен бопсалаудың алдын алу бойынша түсіндірілді.
Біртұтас тәрбие жоспары бойынша келесі іс-шаралар өткізілді
04
декабрь
2023
Біртұтас тәрбие жоспары бойынша келесі іс-шаралар өткізілді
Біртұтас тәрбие жоспарына сай, «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы аясында мектебімізде «ЖИТС – ғасыр дерті», «Зиянды әдеттен аулақ болайық», «Темекі мен насыбай денсаулық дұшпаны», «Дұрыс қалыптасқан дене келбеті -денсаулық кепілі», «Қауіпсіз балалық шақ», «Жұқпалы аурулардан сақтанайық» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. #біртұтас_тәрбие #medetbekovameruert
«Кітап оқу көшбасшысы-2023» облыстық байқауынан Алғыс хат!
01
декабрь
2023
«Кітап оқу көшбасшысы-2023» облыстық байқауынан Алғыс хат!
Мектебіміздің 6 сынып оқушылары Ринатқызы Фатима мен Тәкен Санат «Оқитын ұлт» жобасы аясында өткен «Кітап оқу көшбасшысы-2023» облыстық байқауына қытысып, Алғыс хаттарға ие болды. Жетекшісі кітапхана меңгерушісі М.Д.Ботаева. Құттықтаймыз!  
"Буккроссинг"
30
ноябрь
2023
"Буккроссинг"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы: "Буккроссинг" науқаны аясында мектебіміздің 4а сынып оқушыларына ҚР Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы Джумакеев Алмаз Жеңісұлы қазақстандық жазушы Римма Филиппованың балаларға арналған кітаптарын сыйға тартты. Сәлемдемені жеткізген 18404 әскери бөлімі. ​https://vk.com/club89659902?w=wall-89659902_4280​​​
"Кибер-ұстаз" номинациясымен марапатталды
29
ноябрь
2023
"Кибер-ұстаз" номинациясымен марапатталды
Қалалық "Педагогикалық дебют-2023" байқауында мектебіміздің жас маманы, тарих пәнінің мұғалімі Ахметханов Нұржан Дастанұлы "Кибер-ұстаз" номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз!  
"Жолда абай болайық!"
28
ноябрь
2023
"Жолда абай болайық!"
"Қауіпсіз балалық шақ!" - мектебімізде кадет сыныбы оқушыларынан құралған "Жас қозғалыс инспекторы" тобының ұйымдастыруымен бастауыш сыныптарда "Жолда абай болайық!" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру.