Информация » Страница 44 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Қоғамдық даму басқармасының басшысымен кездесу өтті
05
апрель
2024
Қоғамдық даму басқармасының басшысымен кездесу өтті
"Әдеп және құқық менторы" жобасы аясында 04.04.2024 күні мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Бақытұлы Абибеков ашық алаң форматында кездесу өткізді. Қонағымыз өз өмірлік тәжірибесі мен қазіргі уақытта қоғамдық даму саласында жасалынып жатқан жұмыстар бойынша ақпаратпен бөлісті. Шара барысында оқушылар өз көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Видеосы: https://www.instagram.com/p/C5WLBbEp7hd/  
“Құмар ойындары-тәуелділік қақпаны. Баланың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай жеңуге болады?”
04
апрель
2024
“Құмар ойындары-тәуелділік қақпаны. Баланың компьютерлік ойындарға
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасы" жоспары негізінде 04.04.2024 күні ДТЖ орынбасары Б.Тайыржанқызының жетекшілігімен “Құмар ойындары-тәуелділік қақпаны. Баланың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай жеңуге болады?” атты 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына кезекті дәріс өткізілді. Дәріс жүргізген бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Рамазанова Сандуғаш Жұмабекқызы. Видеосы: ​https://www.instagram.com/p/C5WMvGIJvpY/​​​
Қалалық "Мағжан оқулары" байқауында екі жүлде!
03
апрель
2024
Қалалық "Мағжан оқулары" байқауында екі жүлде!
Қалалық "Мағжан оқулары" байқауынан екі бағыт бойынша  оқушыларымыз жүлделі  орындар алды. 8 "А" сынып оқушысы Абикенов Мади ІІ- орын, жетекшісі  Базарбекова Арайлым Маратқызы; Адельбаева Бибінұр  ІІІ  орын, жетекшісі  Бейсенбай Гүлдана. Құттықтаймыз!
"Менің ойыным" - қыздар футболы
02
апрель
2024
"Менің ойыным" - қыздар футболы
02.04.2024 күні қыздар футболын дамыту, жасөспірімдер арасында танымал ету мақсатында Қазақстан Республикасының футбол федерациясының қолдауымен дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы «Менің ойыным» фестивалін ұйымдастырып өткізді. Аталған фестивальға мектебімізден 6ғ сыныбының қыздары қатысты, қала бойынша 150 қыз бала қамтылды. Қатысушыларға сертификат, естелікке сыйлықтар табысталды.
«Жастар – лаңкестікке қарсы»
01
апрель
2024
«Жастар – лаңкестікке қарсы»
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 2024 жылдың 28 наурызында «Жастар – лаңкестікке қарсы» атты жастар дебаты өтті. Шараға Талдықорған қаласының №18 орта мектептің 8 сынып оқушылары, Талдықорған индустриялық колледж студенттері қатысты. №18 орта мектептің 8 сынып оқушылары екі топқа бөлініп, «Forever» тобында Қалиасқар Аяжан, Сейдулла Айару және «Fenomen» тобында Ілияс Жаннұр, Серікбекқызы Дильназ қатысып, екі жақ терроризм туралы пікірталасты. Әр топ өз слабовидящихн
ФУТБОЛДАН турнир
31
март
2024
ФУТБОЛДАН турнир
Көктемгі каникулдық жоспарға сай 29.03.2024 күні 5 сыныптар арасында кіші ФУТБОЛДАН турнир өткізілді. Нәтижесінде І орынға 5г сыныбы, ІІ орынға 5а сыныбы және ІІІ орынға 5б сыныбы ие болды. Мақсаты: Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау.  
Көктемгі каникул: БАСКЕТБОЛДАН турнир.
29
март
2024
Көктемгі каникул: БАСКЕТБОЛДАН турнир.
Көктемгі каникулдық жоспарға сай 28.03.2024 күні 9-11 сыныптар арасында БАСКЕТБОЛДАН турнир өткізілді. Нәтижесінде І орынға 9ә сыныбы, ІІ орынға 9в сыныбы және ІІІ орынға 11б сыныбы ие болды. Мақсаты: Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Спортқа деген қызығушылықтарын ояту. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Волейболдан жүлделі ІІІ орын!
28
март
2024
Волейболдан жүлделі ІІІ орын!
Талдықорған қалалық жергілікті кәсіподақтың ұйымдастыруымен білім беру мекемелері қызметкерлерінің арасында өткен волейбол жарысында мектебіміздің ару қыздары жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Осы жарыста информатика пәнінің мұғалімі Құрманбаева Айдана мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нүсіпханова Әнел “Лучший ойыншы” атағына ие болды. Құттықтаймыз!
“Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг”
27
март
2024
“Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг”
“Жасөспірімдер арасында тиімді қарым-қатынас орнату” тақырыбында №4 педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес барысында №3 педагогикалық кеңестің қаулы шешімдерінің орындалуы қаралып, оқу жылының ІІІ тоқсаны бойынша оқу-тәрбие жұмыстарының қорытынды есебімен директордың орынбасарлары таныстырып шықты. Педагогикалық кеңестің екінші бөлімінде “Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг” тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Тайыржан және педагог-психологтар Д.Көкежанова мен