Информация » Страница 4 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Жеңіс – еңбектің жемісі!
16
октябрь
2025
Жеңіс – еңбектің жемісі!
Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Базылжанов Айбек Ахметқалиұлы қалалық «Лучший дене шынықтыру педагогы – 2025» байқауында ІІІ орын иеленді! Бұл — ұстаздың кәсіби біліктілігі мен шәкірттерге салауатты өмір салтын дәріптеудегі еңбегінің айқын дәлелі. Айбек Ахметқалиұлы – спортқа деген сүйіспеншілікті, ерік-жігер мен табандылықты шәкірттеріне үлгі ете білген нағыз жанкешті педагог. 
«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауында ІІ орын!
15
октябрь
2025
«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауында ІІ орын!
 Ұстаз еңбегі – шабыт пен шыңдалудың көрінісі!  Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Иманбекова Алия Айтбайқызы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауының облыстық кезеңінде ІІ орын иегері атанды! Бұл — ұстаздың жаңашыл көзқарасы мен шығармашылық ізденісінің, үздіксіз еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі.  Алия Айтбайқызы – өз ісінің шебері, шәкірт жүрегіне білім мен рухани нұр ұялата білген нағыз ұстаз! Еңбектің
Тоғызқұмалақтан Жетісу облысында жүлде алдық!
14
октябрь
2025
Тоғызқұмалақтан Жетісу облысында жүлде алдық!
Тоғызқұмалақтан Жетісу облысының командалық чемпионатында 10а сынып оқушысы Биқасым Алима ІІ орынға және 7а сынып оқушысы Биқасым Аружан ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі А.Б.Шеңгелбаев. Құттықтаймыз!  
🍂 Күзгі асар – шығармашылық пен еңбек мерекесі! 🎨
13
октябрь
2025
🍂 Күзгі асар – шығармашылық пен еңбек мерекесі! 🎨
Біртұтас тәрбие жоспарына сай 4–6 сынып оқушыларының қатысуымен мектебімізде дәстүрлі «Күзгі асар» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде табиғи материалдардан – көкөніс пен жемістерден, ағаш бұтақтары мен жапырақтардан, жаңғақтар мен басқа да табиғат сыйларынан жасалған ерекше туындылар қойылды. Балалардың қиялы мен шеберлігі үйлескен бұл көрме – эстетикалық талғам мен еңбексүйгіштікті дамытудың жарқын үлгісі болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Көрме 2-қабат фойесінде
Жауапты ұрпақ – әділетті қоғам кепілі
11
октябрь
2025
Жауапты ұрпақ – әділетті қоғам кепілі
"Жауапты ұрпақ – әділетті қоғам кепілі" Мектебімізде 8–9 сынып ұлдарымен адамгершілік және азаматтық жауапкершілік тақырыптарын қамтыған тәрбиелік жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында мына өзекті тақырыптар талқыланды: - «Қоғамдық мүлікті қорға. Вандализмге жол берме!» - ДТЖ орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев. - «Буллинг пен әлімжеттік» - психолог А.Шакенов. - «Батырлық бүгінде бар» - Әдеп-құқық менторы Н.Бекетайұлы. Шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыру, тәртіп пен сыйластықты
«Төтенше жағдайдағы іс-әрекет және қауіпсіздік ережелері»
10
октябрь
2025
«Төтенше жағдайдағы іс-әрекет және қауіпсіздік ережелері»
"Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі” КММ 09.10.25 жылы мектеп оқушыларымен «Төтенше жағдайдағы іс-әрекет және қауіпсіздік ережелері» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының Азаматтық қорғаныс тобының аға офицері, подполковник Манасов Бауыржан Кендебайұлы және Тлеубаев Елнур Жанатұлы Талдықорған қаласы ТЖБ аға инженері қатысып, оқушыларға төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және
«Ой еркіндігі – ұлт болашағының негізі» - дебатында ІІ орын!
09
октябрь
2025
«Ой еркіндігі – ұлт болашағының негізі» - дебатында ІІ орын!
08 қазан күні Талдықорған қаласы №29 ОМЛ базасында мектеп оқушылары арасында «Ой еркіндігі – ұлт болашағының негізі» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті. Аталмыш турнирде мектебіміздің жас дебатшылары жүлделі ІІ орынға ие болды! Олар: кадет сыныбы оқушылары, Ахмолдаева Аяулым, Талғатбек Малика, Елтай Ақбаян және Тәкенұлы Санат. Жетекшілері Н.Ахметханов. Құттықтаймыз!  
"Қыз - ұлттың айнасы"
08
октябрь
2025
"Қыз - ұлттың айнасы"
“Балауса” қыздар ұйымы жұмысына сай 08.10.2025 күні қаламыздағы “Жастар денсаулық орталығы” үйлестірушісі Бейсенбаева Кенжегүл Мұхитқызы келіп, 8-9 сынып қыздарымен "Қыз - ұлттың айнасы" тақырыбы бойынша жиналыс өткізді. Кездесу барысында Кенжегүл ханым жасөспірімдерге жүктіліктің ерте жастағы салдары, оның денсаулық пен болашаққа тигізетін әсері жайлы ашық әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, репродуктивті денсаулық туралы маңызды мәліметтермен бөлісіп, қыздарға өз денсаулықтарына жауапкершілікпен
«Зорлық-зомбылыққа ұшырап жүрген жоқсың ба?» сауалнамасы
07
октябрь
2025
«Зорлық-зомбылыққа ұшырап жүрген жоқсың ба?» сауалнамасы
"Мектеп медиациясы" бойынша 06-07.10.2025 күндері мектеп әкімшілігі мен психологтары 4-11 сынып оқушыларынан «Зорлық-зомбылыққа ұшырап жүрген жоқсың ба?» сауалнамасын алып жатыр. Сауалнаманы алудағы мақсат өзі оқитын мектепте бопсалаушылық деректері, қоқан – зорлық, буллинг-кибербуллинг көрсететін оқушылар бар ма, олар кімдер, қай сыныптың оқушылары? Қорытындысы шығарылып, зерттеу хаттамалары толытырылды.
🏆 Мақтанышқа толы жетістік! ✨
06
октябрь
2025
🏆 Мақтанышқа толы жетістік! ✨
2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру сапасы, тәрбие үдерісі, шығармашыл оқушылар мен кәсіби шебер ұстаздар еңбегін саралаған талдау нәтижесінде «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» тарапынан мектебіміз –«Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі» ІІІ орын иегері атанды! Бұл жетістік – ұжымның бірлігі мен табанды еңбегінің, ұстаздар мен оқушылардың ортақ қажыр-қайратының жемісі. Білім сапасы – еңбектің айғағы, табыс кілті –