Информация » Страница 37 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
«Жолың болсын, Жас түлек!»
14
июнь
2024
«Жолың болсын, Жас түлек!»
2024 жылдың 14 маусымында мектебімізде мектеп бітірушілерге арналған «Жолың болсын, Жас түлек!» атты салтанатты жиын өткізілді. Талай шәкіртке тәлім беріп, қанатын қатайтып, өмірге жолдама берген Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі 34-ші түлектері, 50 шәкіртіне кәмелеттік аттестат тапсырып, үлкен өмір жолына аттандырды. Осы оқу жылында 2 түлегіміз: Ариланова Аида мен Қуан Жанел «Алтын белгі» төс белгісіне ие болса, 4 түлегіміз: Иматай Сұлтанғали, Түркістан Аруна, Ерболқызы
Бала батыр марапатталды!
13
июнь
2024
Бала батыр марапатталды!
Қаламыздың әкімі Ернат Бәзіл жас спортшылар мен адам жанын ажалдан арашалаған қала азаматтарын қабылдап, өз құттықтауын білдірді. Солардың ішінде көршілес достарымен өрт сөндіріп, ерлік көрсеткен мектебіміздің 6в сынып оқушысы Есенұлы Мейіржан қала әкімі қолынан марапатқа ие болды. «Адам өміріне араша түсіп, оған бей-жай қарамай өз өмірін қауіп-қатерге салып, азаматтық танытып жүрген жандардың игі істері әрқашанда құрметке лайық. Осылай ерлік көрсеткен батыр балаларымыздың ата-аналары сіздердің
Сәт сапар, жас түлек!
12
июнь
2024
Сәт сапар, жас түлек!
12.06.2024 күні мектебімізде 9-сыныптың түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті. Негізгі орта білім туралы “Лучший аттестат” 8 оқушыға табысталды. Жиында мектеп директоры С.Б.Жанаберлиева мектеп түлектеріне деген ақжарма тілегін арнап, ақ жол тіледі. Шара барысында сөз алған түлектер ұстаздарға алғыстарын білдіріп, сыныптастарына үлкен өмірге сәттілік тіледі. Өз кезегімізде біз де түлектерімізге жарқын болашақ тілей отырып, мектебімізде асыға күтетінімізді
“Jetisu book fair”
11
июнь
2024
“Jetisu book fair”
“Қарлығаш” жазғы алаң балаларына табиғат аясына жорық ұйымдастырылды. Сонымен қатар балаларымыз “Jetisu book fair” кітап жәрменкесіне қатысып, кітаптар көрмесін тамашалап және әдеби кітаптарды иеленіп қайтты.  
"Қазақ киносы" / "Фитнес-фестивалі"
10
июнь
2024
"Қазақ киносы" / "Фитнес-фестивалі"
"Қарлығаш" жазғы алаң жоспарына сай, балаларға "Қазақ киносы" айдарымен отандық фильм көрсетілді, әрмен қарай "Фитнес-фестивалі" аясында көңілді-эстафеталық ойындар өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Отандық фильмді насихаттау және талқылау. Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, командалық бірлікті нығайту, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру. Видеосы: ​https://www.instagram.com/p/C8CGyv_pIPh/​​​  
Табиғат аясына жорық ұйымдастырылды
08
июнь
2024
Табиғат аясына жорық ұйымдастырылды
"Қарлығаш" жазғы алаң балаларына табиғат аясына жорық ұйымдастырылды. Балаларымыз қызықты ойындар ойнап, көңілдерін көтеріп қайтты.
“Нашақорлықсыз әлем” тақырыбында сурет байқауы өткізілді
07
июнь
2024
“Нашақорлықсыз әлем” тақырыбында сурет байқауы өткізілді
07.06.2024 күні Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық жоспарға сай "Қарлығаш" жазғы алаң балалары арасында “Нашақорлықсыз әлем” тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Нәтижесі шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Шараның негізгі мақсаты: жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға үйрету, ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттерден, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.
"KIDS PARK TALDYKORGAN"
06
июнь
2024
"KIDS PARK TALDYKORGAN"
"Қарлығаш" жазғы алаң балалары жоспар бойынша қаламыздағы балаларға арналған "KIDS PARK TALDYKORGAN" ойын-сауық саябағына барып, аттракциондарда ойнап, көңілдерін көтеріп қайтты.
"Жетісу арена" мұз айдынына саяхат ұйымдастырылды
06
июнь
2024
"Жетісу арена" мұз айдынына саяхат ұйымдастырылды
Мектебіміздің "Қарлығаш" жазғы алаң балаларына қаламыздағы "Жетісу арена" мұз айдынына саяхат ұйымдастырылды. Шара барысында оқушыларымыз сырғанақ теуіп, көңілдерін көтеріп қайтты. Мақсаты: Балалардың қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау. ​https://www.instagram.com/p/C71AiV9JSrh/​​​
Жазғы алаң балаларына фильм көрсетілді
05
июнь
2024
Жазғы алаң балаларына фильм көрсетілді
"Қарлығаш" жазғы алаң балаларына "Атамекен" кинотеатрында "Хотябы в кино-3" фильмі көрсетілді. Аталмыш отандық фильмде қазіргі қоғамда жемқорлықтың жарқын көрінісі бейнеленіп, еліміздің гүлденуіне үлкен тосқауыл екені айқын сюжеттелген.