«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Нашақорлық: балалар зиянды заттар әлемінде» » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Нашақорлық: балалар зиянды заттар әлемінде»
14
ноябрь
2022

«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Нашақорлық: балалар зиянды заттар әлемінде»

«Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында 11.11.2022 күні мектебімізде Алматы облыстық салауатты өмір салты кабинеті қызметкері, валеолог Шарипбаева Алина Аскарбекқызы мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, подполковник Искакова Меруерт Сейітқызының қатысуымен «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Нашақорлық: балалар зиянды заттар әлемінде» тақырыптарында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Келген мамандар және мектеп психологтары ата-аналармен әр тақырып бойынша слайд, видео көрсетілім арқылы жасөспірімдерге қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылық, нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.