11
февраль
2022
"Оқу-жаттығу дабылы" шарасы ұйымдастырылды
2022 жылдың 9 ақпан күні мектебімізде төтенше жағдайлар кезіндегі зақымдану мен тасаттықтың алды алу мақсатында қала көлемінде "Оқу-жаттығу дабылы" шарасы ұйымдастырылды. Аталмыш шараға Алматы облысының ТЖД Талдықорған қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға лейтенанті Сағындықов Нұржан Бауыржанұлы қатысты. Оқу-жаттығу аясында мектеп ғимараттарынан 600-ге жуық адам қауіпсіз аймаққа шығарылып, әдістемелік көмек көрсетілді. Сондай-ақ аға лейтенант Н.Б.Сағындықов жоғары сынып оқушыларына өрт қауіпсіздігі ережелері мен ыстан сақтану жолдары туралы дәріс өткізді.






