28
октябрь
2021
«Жас мерген» атты әскери-патриоттық ойындары өткізілді
27.10.21 күні мектебіміздің АӘД пәнінің мұғалімі Бауыржан Мустафиновтың ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына арналған 9-10 сынып оқушылары арасында «Жас мерген» атты әскери-патриоттық ойындары өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинап, І орынға 10а сынып оқушысы Ақан Анар ие болды, ІІ орынға 9б кадет сыныбы оқушысы Темірланұлы Аслан және ІІІ орынға 9б Ниязбек Арсен мен 10б сынып оқушысы Қасымжан Нұрәлім ие болды. Құттықтаймыз!

