28
май
2021
«Жеңісім саған арналады, Тәуелсіздік!»
Қазақстан бойынша жүргізіліп жатқан «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 27 мамыр күні мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары арасында «Жеңісім саған арналады, Тәуелсіздік!» атты «Көңілді сөре» эстафеталық ойындары өткізілді. Шара соңында 11а сыныбы ата-аналарының демеушілігімен барлық қатысушыларға балмұздақтар таратылды. "Дені сау ұрпақ — ертеңгі елдің жалғасы" демекші, балаларымыздың денсаулығы мықты болса екен!








