«Бір тал кессең, 10 тал ек» » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
07
апрель
2021

«Бір тал кессең, 10 тал ек»

"Қайырымды істер марафоны" жалпыұлттық жобасы аясында мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналардың ұйымдастыруымен «Бір тал кессең, 10 тал ек!» ұранымен мектеп ауласына 10 тал тұт (тутовник) ағаштары отырғызылды. Мектеп түлектері ағаштарды бар ынта-жігерімен отырғызып жатты. Бірі күрегін қолына алып, ағаш отырғызса, енді бірі шелегін алып, оған су құйып, қайнаған тіршіліктің үлгісін көрсетті. Дәстүрге айналған шараның мақсаты — «атаңнан мал қалған­ша, тал қалсын» деген нақылға сүйене отырып, жастарға игі үлгі беріп, олардың бойында табиғатқа деген, туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, экологиялық тәрбиені насихаттау. Біз өз кезегімізде түлектеріміздің алдағы сынықтардан сүрінбей өтіп, жоғары оқу орындарына түсіп кетуіне тілектеспіз.