16
март
2020
"Ұлттық қолөнер - құндылықтар бастауы"
2020 жылдың 14 наурыз күні Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған "Абай әлемінде" ұранымен "Ұлттық қолөнер - құндылықтар бастауы" тақырыбында қолөнер және бейнелеу өнері көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш көрмені ұйымдастыруда мектебіміздің технология пәні мұғалімдері Ж.Сағатова, Қ.Сәрсембаев, Б.Омаралин және бастауыш сыныптың мұғалімдері белсенділікпен атсалысты. Көрмеге мектебіміздің еңбекқор әрі өнерлі оқушыларымыздың қолдан жасалған бұйымдары мен қолдан салынған суреттері қойылды. Көрмеге түрлі матадан, ағаштан жасалған заттар және әшекей-бұйымдары жасалды.