16
февраль
2020
«Ауыл тынысы мен еңбегі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру мақсатында 2020 жылдың 13 ақпан күні 8 сынып оқушыларымен «Ауыл тынысы мен еңбегі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: 2030 жылға қарай ауыл халқының кемінде 80 % заманауи өмір сапасының стандартына сай келетін елді мекендерде тұруын қамтамасыз ететін ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын жаңғырту. Шара барысында оқушыларға ауылдың мәдени ортасы, тарихы және табиғаты, шаруашылығы, экономикасы туралы білім берілді. Ауылдың тыныс тіршілігі туралы білімдері кеңейтілді. Ауылдан шыққан атақты тұлғалар туралы тарихи деректер айтылды.


