20
май
2025
Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік – басты назарда!
Бүгін мектебімізде маңызды жиын өтті. ДТЖ орынбасары Қ.Ж. Қуанышбаев пен Әдеп-құқық жөніндегі ментор М.Е. Сарсебаев оқушылармен "Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік" тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында:
- судағы және табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері,
- жол қозғалысындағы тәртіп,
- өрт қауіпсіздігі және сақтық шаралары,
- тұрмыстық тіршілік кезіндегі қауіпсіздік (терезе, самалдық, шатыр),
- қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша,
- интернет қауіпсіздігі, жат діни ағымдар мен қауіпті аккаунттар,
- тастанды ғимараттар мен құрылыс салып жатқан жерлерде ойнамау,
- жазғы демалыстағы тәртіп пен қауіпсіздік туралы кеңестер айтылды.
Мақсат – оқушылардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі пайдалы өткізуіне жағдай жасау.
