19
апрель
2024
«Ел билеген - Төле би»
2024 жылдың 18 сәуір күні мектебімізде "Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат" бағдарламасы жоспарына сай мектебімізде Төле бидің 360 жылдығына орай «Ел билеген - Төле би» атты сыныптан тыс тәрбие сағаты өткізілді. Аталмыш шарада мектебіміздің өнерлі оқушылары тақырыпқа сай сахналық көріністер қойып, патриоттық әндер шырқады. Шараның басты мақсаты: «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» бағдарламасының ауқымды идеяларын білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру. Атақты Төле бабамыздың өмірі мен ерлік істерін дәріптеу. Ар-намысы, патриоттық рухы жоғары азаматты тәрбиелеу болып табылады. Осы игі шараға ұлт аманатын арқалап, жастар тәрбиесіне жандары ашып жүрген азаматтарымыз, қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері: қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қожабеков Мұратбек Қабылбекұлы, қалалық ардагерлер кеңесі әдістеме бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрайымы Каримова Гүлнар Ақойқызы, ардагерлер кеңесінің мүшелері Исмаилов Құрмаш, Шыңғожанова Нұртай Уалиқызы және Сейітқұлова Дәнегүл Рахымқызы қатысып, өздерінің оң бағаларын беріп, мектеп ұжымы мен оқушыларға алғыстарын білдірді. Мектеп әкімшілігі барлық қатысқан оқушыларға және осы іс-шараны ұйымдастыруда өз үлестерін қосқан мұғалімдерге алғыстарын білдіреді.
Видеосы: https://www.instagram.com/p/C57zlCrJ1Pu/







Видеосы: https://www.instagram.com/p/C57zlCrJ1Pu/







