14
октябрь
2023
«Келешек кілті - білімде»
Мектебімізде 13.10.2023 күні «Келешек кілті - білімде» ұранымен оқушыларды лицей сыныбына қабылдау рәсімі өткізілді. Мектеп-лицей директоры Жанаберлиева Салтанат Бейсенбайқызы қалалық, облыстық, республикалық деңгейде мектебіміздің атын асқақтатып жүрген лицей сыныбының дарынды оқушыларына құрмет көрсетіп, «Лицей сыныбының үздік оқушысы» кубогы мен Алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстап шықты. Шараның басты мақсаты: лицей сыныбына қабылданып отырған білім алушылардың математика-жаратылыстану пәндері бойынша тереңдетілген білім алуына мүмкіндік жасап, олардың өз қабілеттерін түрлі деңгейдегі білім сайыстарына қатыстыра отырып, бойындағы білімдерін одан әрі шыңдай түсуге жағдай жасау болып отыр.






