Жаздың қызықты сәттері жалғасуда!
Бүгін мектебіміздің жазғы алаңына қатысып жүрген балалармен бірге Талдықорған қаласындағы “Жетісу Арена” мұзайдынына қызықты саяхат жасадық! Балалар мұз үстінде сырғанаудан ерекше әсер алып, белсенділік танытты. Бұл – тек көңілді сәттер ғана емес, сонымен қатар денсаулықты нығайту мен сергектікті арттырудың да тамаша тәсілі болды. ⛸️ Жазғы демалыс – балалықтың ең керемет кезеңі. Біз сол сәттерді есте қаларлықтай етуге әрдайым дайынбыз!