Материалы за Апрель 2024 года » Страница 3 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Апрель 2024 года » Страница 3
Біз біргеміз!
10
апрель
2024
Біз біргеміз!
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және шет мемлекеттердің басшыларына алғысын білдірді. Елімізде орын алып жатқан төтенше жағдай жойқын су тасқыны кезінде жәрдем беруге дайын екенін білдіріп жатқан достық қарым-қатынастағы елдерге мектеп ұжымы ризашылығымызды білдіреміз. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі отандастарымыздың қиын-қыстау кезде жанашырлық танытып, зардап шеккен бауырларымызға көмек көрсетіп, қолдау жасап жатқаны біздің бірлігіміздің белгісі деп білеміз.
Бауыржан Төкенұлы марапатталды!
09
апрель
2024
Бауыржан Төкенұлы марапатталды!
Талдықорған қаласнының әкімі Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы 2024 жылдың 31 наурызында өткен №2 және №18 сайлау округтары бойынша шығып қалған депутаттардың орнына Талдықорған қалалық Мәслихат депутаттарын сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге үлкен үлес қосқандары үшін, сайлау учаскелерінің төрағалары мен хатшыларын Алғыс хаттармен марапаттады. Аталмыш марапатқа мектебіміздің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Омаралин Бауыржан Төкенұлы ие болды. Құттықтаймыз!
“Қайсар” әскери-патриоттық ойындарында І орын
08
апрель
2024
“Қайсар” әскери-патриоттық ойындарында І орын
Мектебіміздің жас сарбаздары 05.04.2024 күні “Taldykorgan jastary” ұйымдастырған қалалық “Қайсар” әскери-патриоттық ойындарында І орынға ие болып, жеңімпаз атанды. Жетекшілері АӘТД пәнінің оқытушылары Байжұманов Б., Жақабай Ж. Құттықтаймыз!  
ВАКАНСИЯ
07
апрель
2024
ВАКАНСИЯ
2024 жылдың 08.04 күні «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп- лицейі» КММ Enbek.kz электрондық еңбек биржасына география пәнінің мұғалімі (уақытша декреттік орынға) лауазымына конкурс жариялайды. Конкурстың өту уақыты: 16. 04.2024 сағ.14.00 де Қажетті сұрақтарға мына телефонға хабарласуға болады: 87025947819
"Табиғат - өмір бесігі, тәрбие бастауы"
06
апрель
2024
"Табиғат - өмір бесігі, тәрбие бастауы"
Біртұтас тәрбие жоспарына сай 2024 жылдың 1 - 5 сәуір аралығында мектебімізде "Табиғат - өмір бесігі, тәрбие бастауы" тақырыбында экологиялық апталығы өткізілді. Апталық аясында 1-4 сыныптарда «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла» қолөнер шеберханасы, 5-6 сыныптармен «Экология тазалығы – денсаулық кепілі», 7-8 сыныптармен «Экологиялық калейдоскоп» тақырыптарында сынып сағаттары, 9-11 сыныптармен «Экологиялық мәдениет дегеніміз не?» тақырыбында пікір алмасу сағаттары ұйымдастырылды. Апталықтың
Қоғамдық даму басқармасының басшысымен кездесу өтті
05
апрель
2024
Қоғамдық даму басқармасының басшысымен кездесу өтті
"Әдеп және құқық менторы" жобасы аясында 04.04.2024 күні мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Бақытұлы Абибеков ашық алаң форматында кездесу өткізді. Қонағымыз өз өмірлік тәжірибесі мен қазіргі уақытта қоғамдық даму саласында жасалынып жатқан жұмыстар бойынша ақпаратпен бөлісті. Шара барысында оқушылар өз көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Видеосы: https://www.instagram.com/p/C5WLBbEp7hd/  
“Құмар ойындары-тәуелділік қақпаны. Баланың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай жеңуге болады?”
04
апрель
2024
“Құмар ойындары-тәуелділік қақпаны. Баланың компьютерлік ойындарға
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасы" жоспары негізінде 04.04.2024 күні ДТЖ орынбасары Б.Тайыржанқызының жетекшілігімен “Құмар ойындары-тәуелділік қақпаны. Баланың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай жеңуге болады?” атты 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына кезекті дәріс өткізілді. Дәріс жүргізген бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Рамазанова Сандуғаш Жұмабекқызы. Видеосы: ​https://www.instagram.com/p/C5WMvGIJvpY/​​​
Қалалық "Мағжан оқулары" байқауында екі жүлде!
03
апрель
2024
Қалалық "Мағжан оқулары" байқауында екі жүлде!
Қалалық "Мағжан оқулары" байқауынан екі бағыт бойынша  оқушыларымыз жүлделі  орындар алды. 8 "А" сынып оқушысы Абикенов Мади ІІ- орын, жетекшісі  Базарбекова Арайлым Маратқызы; Адельбаева Бибінұр  ІІІ  орын, жетекшісі  Бейсенбай Гүлдана. Құттықтаймыз!
"Менің ойыным" - қыздар футболы
02
апрель
2024
"Менің ойыным" - қыздар футболы
02.04.2024 күні қыздар футболын дамыту, жасөспірімдер арасында танымал ету мақсатында Қазақстан Республикасының футбол федерациясының қолдауымен дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы «Менің ойыным» фестивалін ұйымдастырып өткізді. Аталған фестивальға мектебімізден 6ғ сыныбының қыздары қатысты, қала бойынша 150 қыз бала қамтылды. Қатысушыларға сертификат, естелікке сыйлықтар табысталды.
«Жастар – лаңкестікке қарсы»
01
апрель
2024
«Жастар – лаңкестікке қарсы»
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 2024 жылдың 28 наурызында «Жастар – лаңкестікке қарсы» атты жастар дебаты өтті. Шараға Талдықорған қаласының №18 орта мектептің 8 сынып оқушылары, Талдықорған индустриялық колледж студенттері қатысты. №18 орта мектептің 8 сынып оқушылары екі топқа бөлініп, «Forever» тобында Қалиасқар Аяжан, Сейдулла Айару және «Fenomen» тобында Ілияс Жаннұр, Серікбекқызы Дильназ қатысып, екі жақ терроризм туралы пікірталасты. Әр топ өз слабовидящихн
Назад 1 2 3 Вперед