Материалы за Май 2022 года » Страница 3 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
«Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек»
12
май
2022
«Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек»
"Балалар жылы" аясында 12.05.2022 күні «Адал Ұрпақ» клубының мүшелерімен «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында пікір – сайыс өткізілді. Мақсаты: Ар-ожданды, жауапкершілікті, мейірімділікті, адалдықты, әділдікті насихаттай отырып, мемлекеттік қызмет көрсету орындарының жұмыстарының маңыздылығы мен тиімділігі туралы білгізу. Мемлекеттік қызмет көрсетудің қыр-сырын ұғындыру.
«Біз спортшы баламыз»
11
май
2022
«Біз спортшы баламыз»
"Балалар жылы" аясында ағымдағы жылдың 11 мамыр күні салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері 6 сыныптар арасында «Біз спортшы баламыз» атты спорттық көпсайыстан жарыс ұйымдастырды. Аталмыш жарыста І орынға 6б сыныбы жеңіске жетсе, ІІ орынға 6а сыныбы және ІІІ орынға 6ә сыныбы ие болды. Құттықтаймыз!
"Табиғат аясында кітап оқы"
09
май
2022
"Табиғат аясында кітап оқы"
"Балалар жылы" аясында 07.05.2022 күні мектебіміздің 6 сынып оқушыларымен "Табиғат аясында кітап оқы" акциясы өткізілді. Балалар сынып жетекшілерімен табиғатқа серуенге шығып, ашық аспан астында кітап оқып, қызықты ойындар ойнады. Мақсаты: «Оқуға құштар мектеппіз!» жобасын іске асыру мен білім алушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету және табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау.
«Елін қорғау – ерге серт»
06
май
2022
«Елін қорғау – ерге серт»
"Балалар жылы" аясында 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған апталық ұйымдастырылды. Апталық аясында бастауыш сыныптарда «Елін қорғау – ерге серт» тәлім сағаттары, 5-6 сыныптарда «Қазақтың батыр қыздары», 7 сыныптарда «Ту тіккен Рақымжан», 8 сыныптарда «Қазақтың текті қыраны -Талғат Бигелдинов», 9 сыныптарда «Батыр тұлға - Бауыржан» тақырыптарында ерлік сағаттары өткізілді. 10-11 сыныптарда «Отанды сүю – отбасынан» тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды.
Еркін күрестен еске алу турнирі өткізілді
06
май
2022
Еркін күрестен еске алу турнирі өткізілді
"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 3 - 4 мамыр күндері жетісулық ақын-палуан, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Жұмабек Қуанышбайұлын еске алуға арналған еркін күрестен 2008-2010 ж.т. жасөспірімдер арасында республикалық турнир өткізілді. Ж.Қуанышбайұлы еңбек жолын спорт пен білім беру саласында Ақсу ауданынан бастап, кейінгі жылдары Талдықорған қаласындағы Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде оқытушы болып,
"Ерлік елге мұра" атты библиографиялық шолу
06
май
2022
"Ерлік елге мұра" атты библиографиялық шолу
"Балалар жылы" аясында Ұлы Жеңіс күніне орай мектеп кітапханасында 7б сынып оқушыларымен ҰОС батырлары Талғат Бигельденов, Хиуаз Доспанова, Әлия Молдағуловаға 100 жыл толуына байланысты "Ерлік елге мұра" атты библиографиялық шолу ұйымдастырылды.
Кезекті дебаттық ойын
05
май
2022
Кезекті дебаттық ойын
«Балалар жылы» аясында 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 29.24.2022 жылы 8-сынып оқушылары арасында «БП мүмкіндігі шектеулі балалар қарапайым мектептегі балалармен бірге оқуы керек деп есептейді» тақырыбында мектекпішілік пікірсайыс ойыны өткізілді. Ойынға дебат клубының 10-сынып оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Бейсенбай төрешілік етті. Ойынға 4 команда қатысып, жеңімпаз топтар анықталды: 1. «Рамазан» тобы (Күмісбек Әли 8ә, Рысбекұлы Бағжан 8в) 1. «Екі
"Насыбай мен темекі зардабы", "Туберкулез аса қауыпты жұқпалы ауру"
05
май
2022
"Насыбай мен темекі зардабы", "Туберкулез аса қауыпты жұқпалы ауру"
"Балалар жылы" аясында 04.05.2022 күні 5-7 сынып оқушыларымен Алматы облыстық наркологиялық диспансері қызметкері Чевненко Татьяна Ивановна, Алматы облыстық салауатты өмір салты кабинеті қызметкері, валеолог Шарипбаева Алина Аскарбекқызы және Талдықорған қалалық емханасының эпидемиолог-дәрігері Смайлова Айгүл Мусагуловна кездесу өткізді. Осы аталмыш шарада "Насыбай мен темекі зардабы", "Туберкулез аса қауыпты жұқпалы ауру", "Вирустық гепатит В және С" тақырыптарында бейнеролик көрсетіліп, оның
«Дебат ережелері: аргументация мен дәлелдер»
04
май
2022
«Дебат ережелері: аргументация мен дәлелдер»
"Балалар жылы" аясында Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 ОМЛ-де 26.04.2022 жылы 9-сыныптың оқушыларымен мектептің «Алаш» пікірсайыс клубының жетекшісі А.Д.Садуақасова «Дебат ережелері: аргументация мен дәлелдер» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: пікірсайыс ойынының ережелерін терең меңгерту, аргументтердің түрлерін үйрету арқылы мектепішілік ойындарға дайындық жасау. #лидердебаты #Алматыоблысыпікірсайысқозғалысы #iamdebater #rumcdomonrk #мендебатермын #ядебатер #ұшқыройалаңы
Назад 1 2 3 Вперед