"Бірлігіміз жарасқан"
30.04.20 күні мектебімізде 1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай "Бірлігіміз жарасқан" тақырыбында қашықтықтан тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу. Біздің білім алушылар барша Қазақстандықтарды 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен құттықтап, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін деп тілектерін жеткізді.