Мектебіміздің 2ә сынып оқушысы Сағындық Қайсар жаратылыстану бағыты бойынша облыстық "Зерде" шығармашылық жобалар байқауында ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Манат Серікқызы Айтболатова! Құттықтаймыз!!!
Мектебіміздің 9 сынып оқушысы Марат Айша информатика пәнінен облыстық ғылыми жобалар байқауында III орынға ие болды. Жетекші мұғалімдері Ә.Калиева мен Б.Дүзгенбаева. Құттықтаймыз!!!
Ұстаздарымыз Республикалық КИО олимпиадасында үздік нәтиже көрсеткендері үшін І дәрежелі дипломдармен марапатталды! Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Светлана Әбенқызы Дәуренбекова мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Анар Доспайқызы Садуақасова. Құттықтаймыз!!!