Әріптесіміз, Мадияр Мыңбосынов ерледі!
Ұлттық ұлан жауынгерлері Жаңаөзенде жоғалған 3 жасар баланы тапты, деп хабарлайды ҚазИнформация тілшісі. ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Ерболат Сұлтановтың айтуынша, оқиға 8 қазан күні кешкісін сағат 21.00 шамасында болды. Құрамында қатардағы жауынгерлер Мадияр Мыңбосынов, Айбек Шалдынбек және Мұхтар Сәрсенбаев бар топ 6-шағынауданда жылап отырған баланы тапты. Ол адасып кетіп, үйіне қалай қайтарын білмей отыр екен. Баланы тыныштандырған