Материалы за Октябрь 2020 года » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"Табиғат - өмір бесігі, тәрбие бастауы"
25
октябрь
2020
"Табиғат - өмір бесігі, тәрбие бастауы"
2020 жылдың 19 - 23 қазан аралығында мектебімізде "Табиғат - өмір бесігі, тәрбие бастауы" тақырыбында экологиялық тәлім сағаттары апталығы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігі ретінде дұрыс экологиялық дүниетанымды қалыптастыру. Тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты, сондай-ақ адам сияқты өмір сүруге құқығы бар әрбір тірі жанға қамқорлық жасауға үйрету. Оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі кезеңдеріндегі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін
«Таңғажайып Тамшыбұлақ»
25
октябрь
2020
«Таңғажайып Тамшыбұлақ»
Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының негізгі идеяларын іске асыру мақсатында мектебімзідің география пәнінің мұғалімі А.Рымова оқушыларға «Таңғажайып Тамшыбұлақ» атты танымдық онлайн саяхат ұйымдастырды. Мақсаты: Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару. Өлкеміздің рухани және құнды мұраларын көздің қарашығындай сақтау, жас­тардың Отанға, елге, жерге деген патриоттық
"Балауса" қыздар ұйымы жұмысы жалғасуда
25
октябрь
2020
"Балауса" қыздар ұйымы жұмысы жалғасуда
Ағымдағы жылдың 15 қазан күні мектепішілік "Балауса" қыздар ұйымы жоспарына сай "Бүгінгі замандағы бойжеткен келбеті" тақырыбында қыздар арасында онлайн конференция өткізілді. Мақсаты: Мектептегі әрбір қыз баланы, ибалылық сақтауға баулу, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәрбие беру. Конференция барысында оқушыларымыз өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Әріптесіміз, Мадияр Мыңбосынов ерледі!
13
октябрь
2020
Әріптесіміз, Мадияр Мыңбосынов ерледі!
Ұлттық ұлан жауынгерлері Жаңаөзенде жоғалған 3 жасар баланы тапты, деп хабарлайды ҚазИнформация тілшісі. ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Ерболат Сұлтановтың айтуынша, оқиға 8 қазан күні кешкісін сағат 21.00 шамасында болды. Құрамында қатардағы жауынгерлер Мадияр Мыңбосынов, Айбек Шалдынбек және Мұхтар Сәрсенбаев бар топ 6-шағынауданда жылап отырған баланы тапты. Ол адасып кетіп, үйіне қалай қайтарын білмей отыр екен. Баланы тыныштандырған
"Заң және жастар" онлайн пікір алмасу сағаты
09
октябрь
2020
"Заң және жастар" онлайн пікір алмасу сағаты
2020 жылдың 8 қазан күні мектебіміздің құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесі жоспарына сай 8-11 сынып оқушылары арасында "Заң және жастар" атты онлайн пікір алмасу сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттеріне деген жауапкершілігін нығайту. Шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Шара барасында слайд көрсетіліп, оқушылар өзара пікір алмасты, ұйымдастырушыларға сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
«Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік»
08
октябрь
2020
«Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік»
Қазанның бірінші жексенбісі - ұстаздар мейрамы. Кәсіби мереке қарсаңында мұғалімдердің мерейін асырып, еңбегін бағалау дәстүрге айналған. Осыған орай мектеп-лицейі директоры Ш.М.Құдайбергенов ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтап, біршама мұғалімдерді құрмет грамоталарымен мараппатады. Әрмен қарай мерекелік шашу ретінде оқушыларымыздың видео құттықтауларымен ұласып жатты. Мереке құтты болсын.
"Жылдың үздік мұғалімі-2020" байқауында жүлделі ІІ орынға ие болдық!
06
октябрь
2020
"Жылдың үздік мұғалімі-2020" байқауында жүлделі ІІ орынға ие болдық!
Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Бақыт Тайыржанқызы қалалық "Жылдың үздік мұғалімі -2020"байқауында жүлделі ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!!! Алар асуларымыз көп болып, мектеп мәртебесі шарықтай берсін!