Кезекті "Түнгі қаладағы балалар" атты рейд
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 2 ақпан күндері мектеп ұстаздары мен ҚІІБ қызметкерлерімен бірлесе кешкі және түнгі уақытта «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Өзімізге бөлінген аймақта рейдтік шараны мектеп әкімшілігінен Талшын Дәулетқызы, мектебіміздің инспекторы, полиция капитаны Дастан Алтайұлы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Самат Амантайұлы және көршілес мектепердің инспекторлары мен мұғалімдері жүргізді.