Материалы за 15.12.2018 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"Táýelsizdik tuģyrym!" атты тапқырлар сайысы
15
декабрь
2018
"Táýelsizdik tuģyrym!" атты тапқырлар сайысы
Үстіміздегі жылдың 14 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай 9 сыныптар арасында "Тәуелсіздік тұғырым!" атты тапқырлар сайысы өткізілді. Осы жолы, сайыс ұлдар мен қыздар арасында өткізілді. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: "Туелсіздік шежіресі", "Мені түсініп көр" және "Әуенді тап". Осы қызыққа толы тартыста ұлдар командасы жеңімпаз атанды. Барлық қатысушылар медальдармен марапатталды.
«Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпақтарына аманат»
15
декабрь
2018
«Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпақтарына аманат»
2018 жылдың 11-14 желтоқсан күндері аралығында мектебімізде ҚР Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге орай «Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпақтарына аманат» ұранымен апталық өткізілді. Апталық аясында мектеп кітапханасында "Тәуелсіздік тірегіміз!" атты көрме ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптарда "Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан!" тәлім сағаттары, 5-7 сыныптарда «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры!» тақырыптарында сынып сағаттары, 8-11 сыныптарда «Қазақстан әлемдік қоғамдастық жолында» тақырыбында семинар
"Жеңісім саған арналады, Тәуелсіздік!"
15
декабрь
2018
"Жеңісім саған арналады, Тәуелсіздік!"
Мектебіміздің 5 сынып оқушылары Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздік күніне орай өткен эстафеталық жарыста ІІІ орынға ие болды! Құттықтаймыз!
Әсерге толы саяхат!
15
декабрь
2018
Әсерге толы саяхат!
13.12.18 күні Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласындағы "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасының "Өлкетану" бағыты бойынша, ҚР Тәуелсіздік күніне орай қала мектептерінен әртүрлі санаттағы оқушыларынан 100-ге жуық оқушы Қаскелен, Жамбыл аудандарында орналасқан тарихи мұражайларға бір күндік танымдық саяхатқа барып келді. Оқушыларымыз өз кезектерінде осы бір саяхат өте әсерлі болды деп, алған білімдерімен бөлісті.
Oblystyq "Daryn" ģylymı baıqaýynda oqýshylarymyz top jardy!
15
декабрь
2018
Oblystyq "Daryn" ģylymı baıqaýynda oqýshylarymyz top jardy!
Республикалық "Дарын" ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңінде оқушыларымыз өз білімдерін тағы да көрсете білді! Олар: информатика пәнінен 8 сынып оқушысы Рахимбекова Диана ІІІ орынға, химия пәнінен 11 сынып оқушысы Мейрамбек Медеу ІІ орынға және физикадан 9 сынып оқушысы Сайлаубай Әмір ІІ орынға ие болды! Құттықтаймыз! Шығар белестеріміз көп болсын!
Júzden - júırik shyqqandar!!!
15
декабрь
2018
Júzden - júırik shyqqandar!!!
Оқушыларымыз қалалық пәндер олимпиадасына қатысып, жеңіс тұғырынан көріне білді. Құттықтаймыз! 1 орын алған төрт оқушымыз облыстық кезеңге жолдама алды! Мектебіміз шарықтай берсін!