"Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз"
12маусым – "Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы” күрес күні. Осыған орай Алматы облыстық әкімдігі мен облыстық білім басқармасының ұйымдастырумен "Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз" ұранымен іс-шара жоспары құрылды. Науқанды ұйымдастырудағы мақсат бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау, сонымен бірге адам саудасын, балаларды еңбек қанауына тартудың алдын-алу бойынша оқушылар мен ата-аналар, жұмыс берушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Науқанның жаз айында