Материалы за 18.12.2017 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Поездағы сәті түскен кездейсоқ кездесу
18
декабрь
2017
Поездағы сәті түскен кездейсоқ кездесу
Мектебіміздің оқушылары күз айында Бұрабайдағы "Балдәурен" сауықтыру орталығынан келе жатқан шақтарында Желтоқсан көтерілісінің құрбаны, батыр қызымыз Ләззат Асанованың анасы Алтынай Асановамен бір вагонда жүздесіп қалды. Әрине, оқушыларымыз үшін бұл бір тамаша кездесу, тарихи сәт болды.
"Ел бірлігі - Тәуелсіздік тұғыры"
18
декабрь
2017
"Ел бірлігі - Тәуелсіздік тұғыры"
2017 жылдың 15 желтоқсан күні мектебімізде 6 сыныптардың ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған "Ел бірлігі - Тәуелсіздік тұғыры" атты мерекелік концерт өткізілді. Аталмыш шарада 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан нәзікжанды ұстаздарымыз: Исембаева Гүлнар мен Күлсімхан Адырбаева марапаттарға ие болды.
"Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік"
18
декабрь
2017
"Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік"
4.12.17 күні ҚР Тәуелсіздік күніне арналған 4 сыныптардың ұйымдастыруымен "Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік" атты сынытан тыс сағаты өткізілді. Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушылары арасында "Кең байтақ қазақ елім" тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Футзалдан жолдастық кездесу
18
декабрь
2017
Футзалдан жолдастық кездесу
Үстіміздегі жылдың 13 желтоқсаныңда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ҚР Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде Талдықорған қалалық білім бөлімі қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері арасында футзалдан жолдастық кездесу өтті. Бұл кездесу өте тартысқа толы болды. Нәтижесінде бөлім басшысы Жандос Бейсенбекұлы бастаған команда жеңіске жетті. Әйтсе де келген қонақтар мектебімізге көптеген доптар сыйлап, мектеп басшысы мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне мол табыстар тілеп, ізгі тілектерін
«Рухы биік ұландармыз!»
18
декабрь
2017
«Рухы биік ұландармыз!»
2017 жылдың 12 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Государственные символыінің 25 жылдығы мен Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде 9-10 сыныптар арасында «Рухы биік ұландармыз!» атты әскери-патриоттық жарысы өткізілді. Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ұлтжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу. Жарыс қорытындысы бойынша І орынға 10ә сынып оқушылары, ІІ орынға 10а сынып оқушылары және ІІІ орынға 9б сынып оқушылары иеленді.