14
октябрь
2018
"ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол" Республикалық ата-аналар конференциясы
Үстіміздегі жылдың 13-14 қазан күндері мектебімізде кезекті "ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол" атты Республикалық ата-аналар конференциясы аясында "Бастауыш сынып пен 8-9 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың басты мақсаты-ата-аналарды бастауыш сынып оқушыларында, яғни, 7-9 жас пен 13-15 жас аралығында болатын психологиялық ерекшеліктер, тәртібінде, қылығында, оқуында кездесетін қиыншылықтар жөнінде мағлұмат беру. Жиналыс барысында "Өз анаңды тап", "Бәйге" ойындары ойнатылып, "Бала тәрбиесіндегі 10 қағида,", "Сәби үні" сияқты мағынасы, тәрбиесі бар бейнероликтер ата-аналар назарына ұсынылды. Жиналыс өз мақсатына жетіп, ата-аналарға күнделікті біліп жүруі керек кеңестер жазылған жадымалар таратылды. Сонымен қатар, мектеп психологтары мен дефектолог, логопед мамандары тараптарынан ата-аналарға психологиялық-педагогикалық кеңестер берілді.