08
сентябрь
2018
"ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: "Өз балаңа үлгі бол" республикалық ата-аналар конференциясы
Бүгін, яғни 08.09.2018 күні "ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол" атты Республикалық ата-аналар конференциясы аясында мектебіміздің бірінші сынып бүлдіршіндерінің ата-аналарымен "Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек" тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты: бірінші сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің ата-аналарын бейімделу кезіндегі кездесетін қиыншылықтармен таныстырып, алдын алу шараларын ұйымдастыру. Конференцияға қалалық білім бөлімінің бас маманы Г.Е.Үсенова, қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Р.Р.Кензина, Астана қаласы Отбасылық тәрбиелеу институтының өкілі С.Т.Кутубаева қатысты. Жиын мектеп директоры Ш.М.Құдайбергеновтың құттықтау сөзімен басталды. Шара барысында ата-аналар көкейкесті сұрақтарын қойып, жиналыс соңында өз ойларымен бөлісті. Жиналысты мектеп психологтары А.Н.Нұғыманова, Т.Д.Нұрғалиева жүргізді.



