16
февраль
2020
"Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін"
2020 жылдың 12 ақпан күні "Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін" тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында мектепішілік "Мұқағали оқулары" өткізілді. Байқаудың мақсаттары: оқушылардың Мұқали Мақатаев өлеңдеріне деген қызығушылығын ояту, ақын шығармашылығын терең түсініп, қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеу. Мұқағали оқуларында топтан оза шауып, дараланып көрінуге талпынған талаптылар аз болмады. Нәтижесінде: 4а сынып оқушысы Болат Абылай - Бас жүлдені жеңіп алса, І орынға 4б сынып оқушысы Серікбек Әли мен 4в сынып оқушысы Ринатқызы Аруай, ІІ орынға 2ә - Нұрәділ Ернұр, 2а - Төлеубекова Аяулым, 4б - Айқынұлы Шапағат және ІІІ орынға 2а - Тұрғантай Ерсұлтан, 3а - Ковей Жанерке және 3г сынып оқушысы Қарабай Айару ие болды! Құттықтаймыз!