Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2021» байқауында ІІІ орын!
11
октябрь
2021
«Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2021» байқауында ІІІ орын!
«Талдықорған қаласы білім бөлімі» ұйымдастырған, қала мектептері арасында өткен «Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2021» байқауында мектеп басшысы Шалқар Мелісұлы бастаған командамыз екінші мәрте жүлделі IІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жеңістен жеңіске жете берейік!
Армрестлингтен үш жүлде!
18
сентябрь
2021
Армрестлингтен үш жүлде!
Мектебіміздің 10 сынып оқушылары ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен "Қала күні" мерекесі аясында армрестлинг-қол күресінен өткен ашық қалалық жарыста үздіктер қатарынан көрінді! Абилхамит Балжан 1-орын, Оралбекұлы Оралжан 2-орын және Сұлтан Ислам 3-орынға ие болды. Мектеп директоры Шалқар Мелісұлы армрестлинг жеңімпаздарын қабылдап, өз құттықтауын білдірді  Құттықтаймыз!
Облыстық "Кітап-білім бұлағы" дебаттық турнирінде жеңімпаз атандық
17
июнь
2021
Облыстық "Кітап-білім бұлағы" дебаттық турнирінде жеңімпаз атандық
Мектебіміздің 10 сынып оқушысы Серікбек Жібек Талдықорған қаласы дебаттық клубы сатысыңда өнер көрсетіп, облыстық "Кітап-білім бұлағы" дебаттық турнирінде жеңімпаз атанды. Турнир жеңімпазын дайындағаны үшін тарих пәнінің мұғалімі Абдрахманова Әсел Ерланқызы Алматы облысы білім басқармасы дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
Әріптесіміз Еуразиялық дизайнерлер Одағы мүшелігіне қабылданды
10
июнь
2021
Әріптесіміз Еуразиялық дизайнерлер Одағы мүшелігіне қабылданды
Мектебіміздің технология пәнінің мұғалімі Жанаргүл Сағымжанқызы Сағатова Нұр-Сұлтан қаласында өткен Халықаралық ретроспективті көрмеге қатысып, ұсынған жоғары деңгейдегі шығармашылық жұмыстары үшін жоғары дәрежелі дипломға ие болды. Сонымен қатар Еуразиялық дизайнерлер Одағы мүшелігіне қабылданды.
"Зерделі гранты" олимпиадасында оқушыларымыз үздіктер қатарынан көрінді
31
май
2021
"Зерделі гранты" олимпиадасында оқушыларымыз үздіктер қатарынан
Талдықорған қаласы “ZERDELI” ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен математика пәнінен өткен "Зерделі гранты" олимпиадасында оқушыларымыз үздіктер қатарынан көрінді! Тұрсұнханов Нұрдәулет - 5в сыныбы, І орын; Әсенұлы Мұстафа - 5в сыныбы, ІІІ орын; Нәбиәлі Ажар - 5г сыныбы, ІІІ орын; Ермекбай Елдар - 5 сынып, грамота; Бекжанқызы Іңкәр - 4а сыныбы, грамота; Берік Әрсен - 4а сыныбығ грамота. 5б сынып оқушылары: Рақымжан Бибарыс - ІІ орын; Мергенбай Иманғали - грамота; Тоқан Перизат - ІІІ орын;
Мектеп басшысы марапатталды!
17
май
2021
Мектеп басшысы марапатталды!
Мектебіміздің басшысы Шалқар Мелісұлы Құдайбергенов облыстық "Нұр Отан" партиясының Алғыс хатымен марапатталды. Алғыс хатты бастауыш "Нұр Отан" партиясының төрайымы Бота Абдрахманова табыстады. Құттықтаймыз!
VІ "Алтын сақа" олимпиадасының қалалық кезеңінде мектебіміз ІІІ орынға ие болды
22
апрель
2021
VІ "Алтын сақа" олимпиадасының қалалық кезеңінде мектебіміз ІІІ
Математика пәнінен 4,5,6 сыныптар арасында өткізілген VІ "Алтын сақа" олимпиадасының қалалық кезеңінде мектебіміз ІІІ орынға ие болып, оқушыларымыз жүлдегер атанды: 4г сынып оқушысы Қуанышпеков Ислам ІІІ дәрежелі диплом мен 2000 тг сертификатына ие болды, жетекшісі Э.М.Несіпбекова; 5в сынып оқушысы Тұрсұнханов Нұрдәулет ІІІ дәрежелі диплом мен 2000 тг сертификаты, жетекшісі С.Тлегенова; 5б сынып оқушысы Рақымжан Бибарыс ІV орынға ие болды, жетекшісі А.Б.Қауменова. Құттықтаймыз!!!
Мектебіміздің спорт жұлдызы
29
март
2021
Мектебіміздің спорт жұлдызы
Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тоқжігітов Дархан Нұрханұлы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналаған "Спорт жұлдыздары" жүлдесі үшін үстел теннисінен жалпы мұғалімдер арасында өткен Республикалық турнирде ІІ орынға ие болды, сонымен қатар "Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі" төсбелгісімен марапатталды.
Облыстық «Үздік сандық ресурс» байқауында І орын!!!
28
март
2021
Облыстық «Үздік сандық ресурс» байқауында І орын!!!
Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының 2021 жылдық жоспарына сәйкес өткізілген облыстық «Үздік сандық ресурс» байқауында мектебіміздің 9ә сынып оқушысы Марат Айша І орынға ие болды. Жетекшілері информатика пәнінің мұғалімдері Б.Дүзгенбаева мен Ә.Қалиева. Құттықтаймыз!!!
Абай оқуларында жүлделі орындардан көріндік
22
март
2021
Абай оқуларында жүлделі орындардан көріндік
2021 жылдың 17 наурыз күні өткен қалалық ХХІІ Абай оқуларының қорытындысы шығып, мектебіміздің өнерлі оқушылары мен жетекшілері жүлделі орындардан көрінді. 1.“Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” мәнерлеп оқу бағыты бойынша 7б сынып оқушысы Данабай Айжан ІІ орынға ие болды. Жетекшісі К.Е.Епекова. 2.“Абайдың қара сөздері” бағыты бойынша 10ә сынып оқушысы Уағызхан Аяулым ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі А.Д.Садуақасова. 3.«Көңілім әнді ұғады» ән айту бағыты бойынша 6б сынып оқушысы Нұрқасым Мубина