18
сентябрь
2021
Армрестлингтен үш жүлде!
Мектебіміздің 10 сынып оқушылары ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен "Қала күні" мерекесі аясында армрестлинг-қол күресінен өткен ашық қалалық жарыста үздіктер қатарынан көрінді! Абилхамит Балжан 1-орын, Оралбекұлы Оралжан 2-орын және Сұлтан Ислам 3-орынға ие болды. Мектеп директоры Шалқар Мелісұлы армрестлинг жеңімпаздарын қабылдап, өз құттықтауын білдірді Құттықтаймыз!


