Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Дарханды құттықтаймыз!
12
декабрь
2021
Дарханды құттықтаймыз!
Талдықорған қаласы мектептерінің ер мұғалімдері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған волейболдан өткен облыстық жарыста ІІ орынға ие болды. Команда құрамында өнер көрсеткен мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дархан Тоқжігітов грамотамен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Құттықтаймыз!
Әскери-спорттық жарыста топ жардық!
29
ноябрь
2021
Әскери-спорттық жарыста топ жардық!
Мектебіміздің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушысы Бауыржан Мустафинов шәкірттерімен қаламыздағы №5 орта мектеп-лицейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушы Бауыржан Айтбаевтың 60 жылдық мерей тойына арналған қалалық "Ұстазыңдай шебер бол!" атты әскери-спорттық ойындарында І орынға ие болды. Жарыс барысында "Кермеге тартылу", "Саптық дайындық" кезеңдерінде үздік нәтиже көрсетсек, Қуан Жанел қызымыз "Шалқадан жатып кеудені көтеру" кезеңі
Тоғызқұмалақ жарысынан ІІІ орын!
28
ноябрь
2021
Тоғызқұмалақ жарысынан ІІІ орын!
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Оқушылар сарайында өткен қалалық тоғызқұмалақ жарысында 6ә сынып оқушысы Биқасым Алима ІІІ орынға ие болды! Сондай-ақ шахмат бойынша Елтай Ақбаян (4ә), Қамалбеков Дастан (4б) және тоғызқұмалақ бойынша қатысқан Тұрсынхан Мадияр (6ә) Алғыс хаттарға ие болды. Жетекшілері: А.Б.Шеңгелбаев, Ә.Базылжанов. Құттықтаймыз!!! Алар асуларымыз көп болғай!
"Педагогикалық дебют-2021" байқауында ІІІ орын!
28
ноябрь
2021
"Педагогикалық дебют-2021" байқауында ІІІ орын!
Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақерке Серікқызы қалалық "Педагогикалық дебют-2021" байқауында 3-ші орынға ие болды.
Волейбол жарысында І орын!!!
22
ноябрь
2021
Волейбол жарысында І орын!!!
2021 жылдың 20 қараша күні Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің және №2 орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен, аталмыш мектеп базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы мен 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай волейболдан қалалық мектеп мұғалімдері арасында Талдықорған қаласының турнирі өтті. Аталмыш жарыста мектебіміздің ер мұғалімдері І орынға ие болды. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қалалық дене шынықтыру
8в сынып оқушысы Сарби Меруерт үздік білім алушы ретінде танылды
17
ноябрь
2021
8в сынып оқушысы Сарби Меруерт үздік білім алушы ретінде танылды
Мектебіміздің 8в сынып оқушысы Сарби Меруерт үздік білім алушы ретінде танылып Республикалық "21 ғасыр көшбасшысы" кітабына шықты! Меруерт Республикалық медаль мен сертификатқа ие болса, ата-анасы Алғыс хатқа ие болды! Бүгінгі күні мектебіміздің директоры Шалқар Мелісұлы салтанатты түрде марапаттап, жылы лебізін білдірді. Ұстаздарымыздың еңбегі жана берсін! Құттықтаймыз!
"Ұстазым, менің ұстазым!" атты байқауда 1 орын!
22
октябрь
2021
"Ұстазым, менің ұстазым!" атты байқауда 1 орын!
"Ұстазым, менің ұстазым!" атты республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауда 1 сынып оқушылары І орынға ие болды. Олар, Болатұлы Жангелді мен Арсенұлы Әмірхан. Ал сынып жетекшісі Сания Ақпаева Алғыс хатқа ие болды. Құттықтаймыз!
Мектеп директоры Құрмет төсбелгісімен марапатталды!
19
октябрь
2021
Мектеп директоры Құрмет төсбелгісімен марапатталды!
Мектебіміздің директоры Құдайбергенов Шалқар Мелісұлы жергілікті кәсіподақтың төрайымы Ксталасова Құралай Жағыпарқызының қолынан Қазақстан Еңбек Конфедерациясының "Еңбек адамының мүддесін қорғаудағы зор үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз! Мектеп-лицей ұжымы Сізге қажымас қайрат және қызметіңізге табыс тілейді!
"Дарын" байқауында толағай табыс!!!
17
октябрь
2021
"Дарын" байқауында толағай табыс!!!
Республикалық «Дарын» байқауының қалалық І-кезеңі 8-қазан күні өткізілді. Байқауға барлығы 13 секция бойынша қатысқан 13 оқушының 11-і жүлделі орындар алды. Олар: 1. Өмірхан Сәбина, 10сынып оқушысы, І-орын,информатика, пән мұғалімдері Ә.Қалива, Б.Дүзгенбаева. 2. Нұргазинова Дильназ, 9сынып оқушысы, І-орын, химия, пән мұғалімі Ғ.Кампитова. 3. Ариланова Аида, 9 сынып оқушысы, ІІ-орын, физика, пән мұғалімі А.Тұрысбекова. 4. Жақсылық Әбілмәнсұр, 8сынып оқушысы, ІІ-орын, география, пән мұғалімі
"Алтын сақа" олимпиадасында жүлдегер атанды...
14
октябрь
2021
"Алтын сақа" олимпиадасында жүлдегер атанды...
Мектебімізде "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасы өткізілді. Жеңімпаздарды мектеп директоры Шалқар Мелісұлы марапаттады. 6 сыныптар бойынша Жарасқызы Кәусәр, Рахымжан Бибарыс, Мергенбай Иманғали, 5 сыныптар бойынша Амангелді Гауһар, Айқынқызы Адал және Берік Арсен. Құттықтаймыз!