«Үздік жыл мұғалімі – 2022» байқауында ІІ орын!!!
2022 жылдың 25- сәуір күні Талдықорған Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік жыл мұғалімі – 2022» байқауы өткізілді. Қаламыздың 26 мектебінің ең шығармашыл, ең креативті мұғалімдері қатысқан шығармашылық пен біліктілік, талант пен тәжірибе, эрудиция мен шешендік додасында мектеп- лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог- сарапшы Есемқұл Аяна Маратқызы жүлделі II орынға ие болды. Құттықтаймыз!