Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Облыстық "Айбын-2023" - І орын!
24
апрель
2023
Облыстық "Айбын-2023" - І орын!
Мектебіміздің кадет сыныбы оқушылары қалалық "Жас Сарбаз" құрамасында өнер көрсетіп облыстық "Айбын-2023" әскери-патриоттық ойындарында І орынға ие болды. Әрине республикалық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз! Толығырақ: 2023 жылдың 18-21 сәуір күндері аралығында Талдықорған қаласындағы 55/14 әскери бөлімінде «Айбын-2023» облыстық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Жиынға 8 аудан және 2 қала командалары 10 кезең бойынша өзара бақталасты. Кортындыға сәйкес Ақсу, Алакөл аудандары ІІІ орынға ие
“Тарих – ғасырлар куәсі” атты байқау өтті
20
апрель
2023
“Тарих – ғасырлар куәсі” атты байқау өтті
Кітап оқуды дамыту және ел тарихын насихаттау мақсатында “Тарих – ғасырлар куәсі” атты байқау өтті. ⚜️Байқау 3 кезеңнен тұрады. I кезең: тарихи оқиға II кезең: кім жылдам III кезең: тарихи тұлға кезеңі. ⚜️Байқауға І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы, дәріскер, тарих ғылымдарының кандидаты Сантаева Күлімкөз Теңізбайқызы, Білім колледжінің тарихшысы Жүнісов Мәжікен Адамұлы, агро-техникалық колледжінің тарихшысы Тойлыбаева Ғалия Несіпбайқызы және журналист, Жетісу газетінің
«Алаш» және «Жалын» топтары «ҮЗДІК ДЕЛЕГАЦИЯ» номинациясымен марапатталды
18
апрель
2023
«Алаш» және «Жалын» топтары «ҮЗДІК ДЕЛЕГАЦИЯ» номинациясымен
Қалалық дебат пікірсайыс ойынында мектебіміздің «Алаш» және «Жалын» топтары «ҮЗДІК ДЕЛЕГАЦИЯ» номинациясымен марапатталды. Топтарды ойынға дайындаған жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Ахметханов Нұржан. Сонымен қатар мектебіміздің "Алаш" пікірсайыс клубының мектепішілік және қалалық ойындарда жеңімпаз болған топтар мен үздік спикерлер және үздік төреші болған аға буын мүшелері мектеп директорының Мадақтамасымен және Алғыс хаттармен марапатталды. Құттықтаймыз!  
«Jas DARYNDAR»атты зияткерлік ойын сайысында жеңімпаз атандық!
11
апрель
2023
«Jas DARYNDAR»атты зияткерлік ойын сайысында жеңімпаз атандық!
«Jas DARYNDAR»атты зияткерлік ойын сайысында мектебіміздің 7ғ сынып оқушылары 1-ші орынға ие болды. Олар: Игілікқызы Аяжан, Құралхан Айғаным және Маралбек Әдемі. Жетекшісі Бейсенбай Гүлдана. Құттықтаймыз!  https://www.instagram.com/p/Cquwrmwrr5g/?hl=ru Толығырақ: Оқушылардың жан - жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында өткен сайысқа қаламыздың мектептерінен 7 сыныптар арасында №25, №17, №10 және №18 орта
Облыстық "Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" байқауында ІІІ орын!
30
март
2023
Облыстық "Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" байқауында ІІІ орын!
Мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі Құрманбаева Айдана Саятқызы облыстық "Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" байқауында ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Олимпиада жүлдегерлері марапатталды!
29
март
2023
Олимпиада жүлдегерлері марапатталды!
2022-2023 оқу жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жүлделі орын алған 13 оқушыға мектеп директоры Шалқар Мелісұлы Құдайбергенов қалалық білім бөлімінің Құрмет грамоталарын тапсырды. Құттықтаймыз!  
Командалық есепте ІІ орын!
25
март
2023
Командалық есепте ІІ орын!
Шахмат және тоғызқұмалақтан 2-11 сынып оқушылары арасында облыстық олимпиада өткізілді. Мектебімізден Талдықорған құрамасында 3"Ә" сынып оқушысы Сманов Али, 2 "в" Алимбек Алима, 5"в" Камалбеков Дастан, 5"б" Сманов Дамир, 11 "б" Тоқтарбай Гүлім өз үлестерін қосып командалық есепте ІІ орынға ие болды. Ал жекелей есепте 2-4 сыныптар арасында Сманов Али ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Айбек Базылжанов. Құттықтаймыз!  
Көгалдағы хоккейден ІІ орын!
23
март
2023
Көгалдағы хоккейден ІІ орын!
Мектебіміздің 7ғ сынып оқушысы Медетұлы Арман көгалдағы хоккейден Қарабұлақ кентінде өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 2-ші орынға ие болды. Құттықтаймыз!
"Үздік қорғаушы" атанды!
22
март
2023
"Үздік қорғаушы" атанды!
Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қартбай Хамит Аманбайұлы волейболдан Алғабас ауылында өткен турнирде І орынға ие болып, "Үздік қорғаушы" атанды. Құттықтаймыз!
"Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауында топ жардық!
16
март
2023
"Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауында топ жардық!
Мектебіміздің жыр сүйер оқушылары 15.03.23 күні мектепаралық өткен қалалық "Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауында топ жарды! 9г сынып оқушысы Адельбаева Бибинұр "Ұлы тұлғаға арнау" бағыты бойынша Бас жүлдеге, 9в сынып оқушысы "Ілияс - сөз шебері" бағыты бойынша Бас жүлдеге және 9г сынып оқушысы Тоқан Ақнұр Алғыс хатқа ие болды. Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Анел Нүсіпханова мен Айдана Абенова. Құттықтаймыз!