Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Нұршат чемпион!
16
февраль
2023
Нұршат чемпион!
10ә сынып оқушысы Кемелханқызы Нұршат дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында І орынға ие болды. Жетісу облысына Алтын медаль сыйлады. Құттықтаймыз! 🥋🥇🏆
«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңіңде оқушыларымыз топ жарды!
10
февраль
2023
«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңіңде
Бәрекелді!!! 2-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңіңде оқушыларымыз топ жарды! Олар: 1. Тимурұлы Алинұр - Қазақ тілі, 3"А" сыныбы - ІІ орын, жетекшісі Иманбекова Самира; 2. Накен Мухтар - Ағылшын тілі, 3"В" сынбы - ІІІ орын, жетекшісі Караева Мөлдір. Құттықтаймыз!
«Бақ жұлдызды Бақтыбай» атты бастауыш сыныптар арасында мектепішілік Бақтыбай оқулары
08
февраль
2023
«Бақ жұлдызды Бақтыбай» атты бастауыш сыныптар арасында мектепішілік
07.02.2023 күні мектебімізде «Бақ жұлдызды Бақтыбай» атты бастауыш сыныптар арасында мектепішілік Бақтыбай оқулары өткізілді. Оқушылар арасында ақын шығарма­шылығын насихаттау барысында өткізілген додаға 2-4 сынып оқушылары қатысып, бағын сынады. 3а сынып оқушысы Жұмахан Абылай "Бас жүлдені" жеңіп алса, 4ә сынып оқушысы Русланқызы Аянат 1-орынға, 3В сыныбы - Абикенов Мирас 2-орынға, 4Б сыныбы - Үсенбай Інжу 2 орынға, 4а сыныбы - Атайбекова Аяна 2-орынға, 2а сыныбы - Амантай Сабина 3 орынға, 4В
Тоғызқұмалақтан облыстық жарысқа іріктеу турнирінде жүлде алдық!
05
февраль
2023
Тоғызқұмалақтан облыстық жарысқа іріктеу турнирінде жүлде алдық!
04.02.2023 күні қаламыздағы №1 орта мектеп базасында Тоғызқұмалақтан облыстық жарысқа іріктеу турнирі өткізілді. Осы турнирде 9а сынып оқушысы Данабай Айжан және 9ә сынып оқушысы Күмісбек Әли 3-ші орынға ие болды. Жүлдегер оқушыларымыз 16-17 ақпанда Жетісу облыстық жарысына қатысуға жолдама алды. Жетекшісі д/ш мұғалімі А.Б.Шеңгелбаев. Құттықтаймыз!
ВОЛЕЙБОЛДАН өткен жарыста ІІІ орын!
20
январь
2023
ВОЛЕЙБОЛДАН өткен жарыста ІІІ орын!
Мектебіміздің ұлдар командасы Талдықорған қаласы орта мектептерінің "Ұлттық мектеп лигасы" аясында ВОЛЕЙБОЛДАН өткен жарыста 5-6 сыныптар бойынша ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі С.Балқыбеков. Құттықтаймыз! Жеңістен жеңіске жете берейік! 🏆🥇
"Айбын-2023" жарысына іріктеуден өттік
08
январь
2023
"Айбын-2023" жарысына іріктеуден өттік
Каникулдық мектеп аясында "Айбын-2023" республикалық жарысына іріктеу мақсатында №18 омл мен №11 мектептің сарбаздары арасында жолдастық кездесу өткізілді. Нәтижесінде мектебіміздің командасы І орынға ие болды. Өте тартысқа толы жарыс 7 турдан өтті. 1.АК-74 бөлшектеп жинау 2. Газтұмылдырық (противогаз) уақытқа кию 2ұл 1қыз Әділхан Әділет - Үздік атанды 3. Жалпы әскери қорғаныс жиынтығын (ОЗК) уақытқа кию 1ұл 1қыз Қуан Жанель қыздар арасында үздік кию уақыты 54 секунд көрсетіп үздік атанды. 4.
«Құқық бұзушылықтың алдын алудағы тиімді жобалар»
08
январь
2023
«Құқық бұзушылықтың алдын алудағы тиімді жобалар»
Каникулдық мектеп аясында Жетісу облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы: теория және тәжірибе» тақырыбында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық семинар өткізілді. Осы семинарда мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайыржан Жұмабекұлы Қуанышбаев «Құқық бұзушылықтың алдын алудағы тиімді жобалар» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
"Үздік шет тілі сабағы"
08
январь
2023
"Үздік шет тілі сабағы"
Шетел тілі пәні мұғалімдеріне арналған "Үздік шет тілі сабағы" қалалық байқауында мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абылқас Меруерт Төлеуханқызы ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Шахматтан үздік ойыншы атанды!
08
январь
2023
Шахматтан үздік ойыншы атанды!
Жергілікті кәсіптік одағының ұйымдастыруымен ШАХМАТТАН мектеп қызметкерлері арасында өткен жарыста мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Айнұр Ақтайлақ "Үздік ойыншы" атағына ие болып, облыстық жарысқа жолдама алды. Ал командамыз 5- орынға табан тіреді. Құттықтаймыз! Сондай-ақ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН мектеп қызметкерлері арасында өткен жарыста мектебіміздің командасы кіші финалға шығып - ІҮ орынға табан тіреді. Жеңіс тұғырынан көрінейік!