21
февраль
2023
"Бұрымды қыз-2023" байқауында Бас жүлде!!!
Қалалық "Бұрымды қыз-2023" байқауында мектебіміздің 9г сынып оқушысы Адельбаева Бибінұр "Бас жүлдені" жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды. Ару қызымызды дайындаған: жас мамандарымыз Бейсенбай Гүлдана мен Базарбекова Арайлымға, ұйымдастырушы Бақыт Тайыржанқызына және "Жас Ұлан" ұйымының қыздарына Алғыс білдіреміз. Құтты болсын! Облыстық кезеңде жеңімпаз атанайық!














