Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп әкімшлігі ІІ орынға ие болды!
22
июнь
2024
Мектеп әкімшлігі ІІ орынға ие болды!
Мектебіміздің әкімшлігі 2023-2024 оқу жылында дарынды оқушылармен жұмыстың қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болып, қалалық білім бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз!
«Жолың болсын, Жас түлек!»
14
июнь
2024
«Жолың болсын, Жас түлек!»
2024 жылдың 14 маусымында мектебімізде мектеп бітірушілерге арналған «Жолың болсын, Жас түлек!» атты салтанатты жиын өткізілді. Талай шәкіртке тәлім беріп, қанатын қатайтып, өмірге жолдама берген Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі 34-ші түлектері, 50 шәкіртіне кәмелеттік аттестат тапсырып, үлкен өмір жолына аттандырды. Осы оқу жылында 2 түлегіміз: Ариланова Аида мен Қуан Жанел «Алтын белгі» төс белгісіне ие болса, 4 түлегіміз: Иматай Сұлтанғали, Түркістан Аруна, Ерболқызы
Бала батыр марапатталды!
13
июнь
2024
Бала батыр марапатталды!
Қаламыздың әкімі Ернат Бәзіл жас спортшылар мен адам жанын ажалдан арашалаған қала азаматтарын қабылдап, өз құттықтауын білдірді. Солардың ішінде көршілес достарымен өрт сөндіріп, ерлік көрсеткен мектебіміздің 6в сынып оқушысы Есенұлы Мейіржан қала әкімі қолынан марапатқа ие болды. «Адам өміріне араша түсіп, оған бей-жай қарамай өз өмірін қауіп-қатерге салып, азаматтық танытып жүрген жандардың игі істері әрқашанда құрметке лайық. Осылай ерлік көрсеткен батыр балаларымыздың ата-аналары сіздердің
"RESPUBLICA" партиясының кубогында жүлделі орын!
28
май
2024
"RESPUBLICA" партиясының кубогында жүлделі орын!
V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының қарсаңыңда Жетісу облыстық тоғызқұмалақ федерациясының қолдауымен "RESPUBLICA" партиясының кубогы үшін тогызқұмалақтан жасөспірімдер және ересектер арасында өткен Жетісу облысының турнирінде 8а сынып оқушысы Биқасым Алима ІІ орынға және 10а сынып оқушысы Данабай Айжан ІІІ орынға иеленіп, әрқайсысы 20 000 тг сертификатына ие болды. Жетешісі Айдар Шеңгелбаев. Құттықтаймыз!
"Дарындылар шеруі - 2024"
23
май
2024
"Дарындылар шеруі - 2024"
2024 жылдың 23 мамыр күні мектебімізде "Дарындылар шеруі - 2024" салтанаты өткізілді. Шара барысында мектебіміздің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектеп мақтаныштары, олимпиада, білім байқаулары, өнер сайыстары, спорттық сайыстар мен интеллектуалдық сайыстардың жеңімпаздары, жас ғалымдар марапатталды. Жеңістен жеңіске жете берейік! Құттықтаймыз!  https://www.instagram.com/p/C7XE8V-p_Sb/
"Жас Ұлан" әскери-патриоттық ойындарында ІІІ орынға ие болдық!
21
май
2024
"Жас Ұлан" әскери-патриоттық ойындарында ІІІ орынға ие болдық!
Мектебіміздің "Жас кадеттері" халық Қаһармандары С.Нұрмағамбетов пен Р.Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған облыстық "Жас Ұлан" әскери-патриоттық ойындарында ІІІ орынға ие болды. Олар: Серікқызы Дина, Депутат Жанел, Баймухамбетов Санжар, Қуанышпеков Альтаир, Алпысбай Медет. Жетекшілері АӘТД пәнінің оқытушылары Ж.Жақабай мен Б.Байжұманов. Құттықтаймыз!  
«Құлагер ақын – ғибратты ғұмыр»
17
май
2024
«Құлагер ақын – ғибратты ғұмыр»
"Оқуға құштар мектеппіз!" жобасы аясында жыр құлагері Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Құлагер ақын – ғибратты ғұмыр» атты әдеби оқудан сайыс өткізілді. Мақсаты: қазақ әдебиетінің талантты ақыны Ілияс Жансүгіровтің ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту І кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз » деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу. ІІ кезең «Прозадан
"Жетісу ұстазы" - І орын!
15
май
2024
"Жетісу ұстазы" - І орын!
"Жетісу ұстазы" байқауының қалалық кезеңінде жүлделі І орынды иеленген ағылшын тілі пәні мұғалімі Джельдыбаева Жанар Төлегенқызын құттықтаймыз!!!
Каратэден толағай табыс!
14
май
2024
Каратэден толағай табыс!
Шинкинкушинкай каратэден балалар мен жасөспірімдер арасында өткен Қаратал ауданының ашық чемпионатында мектебіміздің оқушылары толағай табысқа жетті! Бауыберік Іңжу - І орын; Джанабай Назерке - ІІІ орын; Джанабай Нариман  - ІІІ орын; Одгонбай Ахмад - І орын; Жарас Айзат - ІІ орын; Асқар Ақмарал - ІІ орын және Асқар Айсана -ІІІ орынға ие болды!
Құттықтаймыз!
06
май
2024
Құттықтаймыз!
9 мамыр - Жеңіс күніне орай шахматтан 8 -16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында Жетісу облысының чемпионаты өтті. Аталмыш жарыста мектебіміздің оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді! Олар: Болатұлы Жангелді - 3б сынып - І орын; Шакенұлы Ерасыл - 3в - ІІ орын; Бектнұр Батыр - 4А - ІІ орын; Камалбеков Дастан - 6в - ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Д/Ш пәнінің мұғалімі А.Базылжанов. Құттықтаймыз!