01
февраль
2018
Шеберлікті шыңдау әр ұстаздың кредосы
Ағымдағы жылдың 31 қаңтар - 1 ақпан күндері жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдердің кәсіби біліктілігін үздіксіз дамыту мақсатында мектебімізде шеберлік сабақтары өткізілді. Химия пәнінің мұғалімі Ғ.Ө.Кәмпитова 7а сыныбында "Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі" тақырыбында сабақ өткізсе, орыс тілі пәнінің мұғалімі М.М.Құнапиянова мен бастауыш сынып мұғалімі Р.Орынбекова 1б сыныбында "Транспортные средства" тақырыбында орыс тілі мен жаратылыстанудан кіріктірілген сабақ өткізді. Оқушылардың қызығушылығын тудырған сабақтар өте жоғары деңгейде өтті.